Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойын ойнағанның ойы ұшқыр
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Бала би ауылы КМКҚ «Мұрагер» балабақшасы
бағдарламашысы: Аширбекова Ақшолпан

Тақырыбы: «Ойын ойнағанның ойы ұшқыр»
Мақсаты: Балаларды өз денсаулықтарды күтуді, ойын қимылдарының барлық түріне саналы, белсенді түрде қатысуға баулу. Өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға ептілік беру. Кедергілерден өтуге үйрету.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойындар, тақпақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Көңілденіп бәріміз
Шықты жарқын даусымыз
Сәлем беріп достарға,
Ойнымызды бастайық.
Шынығады денеміз,
Ұшқырланып ойымыз.
Саламатсыздар ма апайлар!

Кіріспе әңгіме.
Балалар біз ойын арқылы көп қимыл жасаймыз. Ойын арқылы әр түрлі аңдардың қимыл - әректін, даусын жасаймыз. Бүгінгі сауықтыру шарамызда тек ойында арқылы жасаймыз.
Балалар біз қандай аңдарды білеміз?
- Қасқыр, қоян, аю, түлкі, т. б.
Қимылды ойын. «Қасқыр мен қоян».

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаң қимылға үйрету.
Шарты: Қасқыр өлең айтып, қояндарды қуады. Ұсталған бала қасқар болады.
Мен қасқырмын, қасқырмын.
Тырнағым бар сояудай.
Қояндарды жеп қоям
Бәрін, бәрін қалдырмай.
Балалар, ойын сендерге ұнады ма?
- Ия
Орманда мекен ететін, үңгірде тұратын, балды жақсы көретін қандай аң?
- Аю.
Дұрыс айтасыңдар.
Қимылды ойын: «Мен аюмын».
Мақсаты: Ойын арқылы әр баланың ойына аңғарымпаздық, ептілік, жинақтылық қасиеттерін қалыптастыру.
Шарты: Аю үңгірден асықпай әндетіп шығады.
Мен аюмын, қорбаңдай жүріп келемін
Тіл үйірер балды жақсы көремін
Шіркін бүгін аралар кетсе алысқа
Омартадағы балды түгел жер едім.
Омартада отырған аралар аюды қуады. Жетіп алған аралар аюды талайды.
Балалар аралардан құтылу үшін түрлі кедергілерден өтеміз.
1. Үңгірден
2. Көпірден
3. Арқанмен жүру.
4. Таяқшадан секіру.
Балалар аралардан құтылдық аман - есен. Енді сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.
Мөлдір, мөлдір, мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы
Су деген – осы.
Балалар, тынығып сергіп қалдыңдар ма? Енді денсаулық жайлы, шынығу жайлы тақпақтар айтайық.

Құралай: Біз көңілді балалармыз,
Айтқан тілді аламыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Ерқанат: Шұғылданып спортпен
Допты қуып ойнаймыз.
Уақыттың өткенін
Байқамай да қаламыз.

Сезім: Шомылу мен жаттығу
Оның бәрі пайдалы
Шынығады денеміз
Сауығады жанымыз.

Балалар енді қуаныш мимикасы жаттығуын жасайықшы.
Қуанған кезде қандай сезімде боласыңдар? Көрсетіңдерші.

«Сиқырлы жол» ойыны.
Балалар біздің жолымыз әр түрлі материалдан тұрады. Табанымызға жұмсақ, қатты, жаттығу болады. Қатармен тек осы жолмен жүреміз.
Сиқырлы жол сендерге ұнады ма балалар?
- Ия.
Қане бәріміз бірге:
Ой қосамын ойыма,
Бой қосамын бойыма
Аман - есен жетейік
Келесі жазғы сауыққа.
Балалар, апайлар сіздерге рахмет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама