Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойын технологиясы тәрбие жұмысында
Баяндама
Тақырыбы: «Ойын технологиясы тәрбие жұмысында»

Адам әрекетінің еңбек оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында негізгі психикалық қызметтері дамуындағы тұлғаның, өзін – өзі басқаруы мен өзін – өзі билеуіндегі әлеуметтану үрдісінде адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген.

Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымында келесі мақсаткерлік, жоспарлау мақсатты іске асыру, тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады. Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қажеттілігін қанағаттандыру, өзін - өзін бағалау, өзін - өзі көрсетуімен қамтамасыз етіледі. Үрдіс ретінде ойын құрылымына ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері

- сол рөлдерді іске асыру құралы ретінде ойын элементтері, нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түрінде ауыстырылуы
- ойнаушылар арасындағы шынайы қарым қатынастар

- сюжет ойын басында шартты түрде алынатын шыңдық саласы. ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін – өзін көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесін олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан интелектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын баланың өз күнін нақты сезінетін, өзін - өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін - өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым – қатынасына, оқуда, мінез-құлқына туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Элконин аса жоғары бағалайды. Ойын тәрбие әдісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді. Әсіресе ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Мысалы мен өзімнің іс – тәжірибемнен айта кетейін Сюжетті рөлдік ойын аптаның жұма күні өтеді. Тақырыбы «Қонаққа бару»

Мақсаты Балаларға қонақ жайлық туралы түсінік беру. Сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелесуге үйрету. Диалогпен сөйлеуге жаттықтыру. Досының айтқаның аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік. Үй жиһаздары, дөңгелек үстел, бесік, ыдыстар.

Сабақ барысы. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қонаққа бару»
Қонақ туралы балалардың ойын тыңдау.
- Қазақ халқы қонақ жай халық. Үйге келген кез келген адамды үйдің қонағы деп санайды
Мынадай мақал бар.
- Ат болатын тай саяққа үйір.
- Адам болатын бала, қонаққа үйір.
Екі – үш балаға қайталату, мағынасын ашу. Ойын барысында балаларға бағыт беріп тұру, қорытынды жасау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама