Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ойлы болсаң, озып көр
М. Әуезов атындағы орта мектеп.
Дайындаған: Букеева А. Е.
Бексұлтан А.

Сыныптан тыс шара
Ойлы болсаң, озып көр (5 - 6 сыныптар арасында математикадан сайыс)
Іс - шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс
Іс - шара мақсаты:
• Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту
• Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту
• Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр!»
тақырыбындағы ойынымызда 5 - 6 сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік:
Ойынымызға төрешілік жасайтын әділқазылармен таныстыра кетейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып ойынымыздың бірінші кезеңі:

«Қызықты басқатырғылар» (шарты: секіргішпен жүгіру арқылы үрілген шарларды жару арқылы сұрақтарға жауап беру ):
1. Екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 24 - ке тең. Осы екі санды тап. (24, 1)
2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қай сандар? (1, 2, 3)
3. Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3)
4. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
5. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша? (үш)
6. Төрт қойдың неше аяғы бар? (он алты)
7. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг)
8. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6 - ны алса, 6 - ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72)
9. Бұрыш өлшейтін құрал? (Транспортир)
10. Алты мысық пен үш тауықтың аяғы нешеу? (отыз)
11. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)
12. Сағат тілі күніне неше рет тік бұрыш жасайды? (төрт)

Екінші кезең: «Тапқыр болсаң шешіп көр» (қапшықпен жарысу)
Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 5 ұпай

5 сыныпқа:
1. 3; 6; 12; 10; 9 – арифметикалық ортасын тап (8)
2. 255, 5: 0, 25 (1022)
3. 6, 4; 0, 7; 7, 2; 0, 89; 4, 8 - өзгеріс ауқымын тап (6, 5)
4. (4, 23 - 2, 34): 21 (0, 09)
5. 148, 786 ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер (148, 8)
6. (4, 04+0, 55): 46 (4, 59)

6 сыныпқа:
1. (- 68) + 16 (- 52)
2. 1/2 + 3/8 – 2/4 (3/8)
3. Салыстыр: - 6, 2 * - 4, 6 (<>
4. 2/3 * 9/4 *6/5 (18/5)
5. 2/3=х/6 (х=4)
6. 2(8+3а)+7(а - 1), а=7 (100)

Үшінші кезең: «Ойлан, жұптас, есепте» (жұппен арқалап жүгіру)
І тапсырма: «Сиқырлы квадрат»
Көрсетілген фигураның әрбір дөңгелекшесіне 1 - 9 дейінгі сандарды қойғанда әр түзудің бойындағы үш санның қосындысы 15 ке тең болуы керек.

ІІ тапсырма: 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187

ІІІ тапсырма:
524 • 27 = 14 148

Төртінші кезең. «Сырлы сандар әлемі» (доппен бір біріне беру арқылы есептер шығарып, тезірек межеге жету)
5 сыныпқа:
1. 5х=8, 17+3, 48 (2, 13)
2. х+2х=21, 42 (7, 14)
3. (3, 557+х): 2=4 (4, 443)
4. с: (1, 8+2, 05)=9 (34, 65)
5. z(19, 63+0, 37)=8, 376 (167, 52)
6. (х - 1, 65): 10, 25=13, 4 (13, 4)

6 сыныпқа:
1. х/4=х - 1/6 (х=- 2)
2. х+6/2=4+х/3 (х=- 10)
3. 2х - 3/5=х - 2/3 (х=- 1)
4. х+2/6=1+х/8 (х=- 5)
5. х/3 - х/4=1/6 (х=2)
6. 3+х/8=х/5 (х=5)
Бесінші кезең. «Капитандар жарысы»

Әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды. 1 және 2 орын алған топтарды марапаттау.
Құрметті оқушылар және көрермен қонақтар! Бүгінгі сайысымызға қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама