Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану және математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Топтасып жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде.
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыт тасып, шалқысын,
Көңілді кеш жасайық!

2-жүргізуші:
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Біліміңді саралар.
Ойнайық та, ойлайық,
Кеште қарап қалмайық

1-жүргізуші:
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрін де,
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

2- жүргізуші:
Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?
Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?
Оны сақтап қалатын,
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

1-жүргізуші:
Ендеше өткізгелі отырған «Ойнайық та, ойлайық» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
- Бүгінгі жарысқа төрт топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып өтейік.
1- топ–«Тапқырлар»
2- топ–«Ойшылдар»
3- топ–«Білгірлер »
4- топ–«Алғырлар »

1- жүргізуші:
Сайыстың жоспарымен таныстырып өтейік. Сайыс 6-турдан тұрады.
1-тур: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (суреттегі заттардың айырмашылығын табу )
2-тур: «Біліміңді сынап көр» (Тест орындау )
3-тур: «Өз біліміңді пайдалан» ( Бірнеше амалды мысалдар шығару ) 4-тур: « » ( жұмбақ есеп шешу )
5-тур: «Ойлан, тап!» (жетіспей тұрған фигураны табу)
6-тур: «Қас қағым сәт» (Бір минутта геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу )

2-тур: «Біліміңді сынап көр» (Тест орындау )
1.Толық ондықтарды көрсет:
А. 10, 12, 15, 18.
Ә.20, 40, 60, 80
Б. 25, 34, 56, 100
2. 5онд.6 бірл.- ? Көрсет:
А. 65
Ә.50
Б. 56
3.100 дегеніміз:..
А. 10 ондық
Ә. 1 ондық
Б. 10 бірлік
4. Өрнектің мәнін тап: 14+5-10
А. 10
Ә. 9
Б.19
5. 40 пен 20-ның қосындысынан 30-ды азайт. Қайсысы дұрыс жазылған?
А. 40+20+30
Ә. 30+40-20
Б. 40+20-30
6. 4 дм+5дм-?см
А. 90см
Ә. 9см
Б. 90дм
7. Жақшалы өрнекте алдымен ...орындалады.
А. жақшадан кейінгі амал
Ә. жақшаның ішіндегі амал
Б.жақшаның алдындағы амал
8. Барлығы – 50 тоқаш
Желінгені – 20 тоқаш
Қалғаны -? тоқаш
А. 40
Ә. 30
Б. 20
9. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
А. бейсенбі
Ә. Жұма
Б. Сенбі
10. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па, алма ма әлде шабдалы ма?
А. алмұрт
Ә. Шабдалы
Б. Алма

3-тур: «Өз біліміңді пайдалан» (Бірнеше амалды мысалдар шығару )
10 + 5 – 6 + 10 – 9 – 7 + 9 – 7 + 6 - 0 -3=
15 – 7 + 6 – 10 + 8 – 2 – 6 + 8 – 9 + 8 - 4 =
4-тур: « » ( жұмбақ есеп шешу )
а) 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

б) Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
В) Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер
Сонда үйдегі адам нешеу?
5-тур: «Ойлан, тап!» ( жетіспей тұрған фигураны табу)

6-тур: «Қас қағым сәт» (Бір минутта геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу )
Қорытынды

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама