Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Істеген ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Балалар музыка ырғағымен кіріп, шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбері:
Біз, қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Бізге келген қонаққа
Сәлеметсіз бе дейміз
Тәрбиеші: - Балалар көңіл - күйлерін қалай жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын әр ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
• Күлімсіреу.
• Бір - біріне кедергі жасамау.
• Өзгенің пікірін сыйлау.
• Сөзді бөлмеу, тыңда.
• Міне, осы ережелерді ұмытпай сабақ бой есте сақтап отырыңдар.
• Ал, әдемі отырамыз сабағымызда бастайық.
• Жылдың қай мезгілі?
• Көктем айында неше ай бар?
• 1 жылда неше мезгіл ба?
• 1 аптада неше күн бар?
• Али сенің оң жағында кім отыр?
• Бақыт сенің сол жағында кім отыр?
• Ахмет сенің оң жағында кім отыр?
• Батыр сен сол жағында кім отыр?
• Сұлтан сенің оң жағында кім отыр?
Ғажайып сәт: Карлсон кіреді.
Карлсон: О - о, балалар сәлеметсіздер ме?
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Карлсон қош келдің қолындағы не?
Карлсон: Менің қолымдағы шыны, тосабым тауысып қалып сендерден көсек сұрай келдім.
Тәрбиеші: Айтыңыз менің балаларым көмектеседі, солай ма балалар.
Балалар: Ия.
Карлсон: Мына қолымдағы шынының ішінде тапсырмалар бар, сендер сол тапсырманы орындасаңдар мүмкін шыным тосапқа болар.
Тәрбиеші: Балалар көмектесуге дайынбыз ба?

1.« Мына сөздің арасынан артық сөзді тап»

Шарты: аталған сөздердің ішінен артық сөзді тауып атау.
• Шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыш, қыс.
• Қыс, дүйсенбі, жаз, күз.
• Нан, бір, екі, бес, тоғыз.
• Сүт, май, шай, орындық.
• Автобус, ұшақ, кеме, қарға.
• Қосу, алу, теледидар, тең.
• Сары, ыстық, қызыл, ақ, жасыл.

2.«Көршісін ата»
Шарты: тәрбиеші бір санды айтады, ал балалар санып көршісін атау.
2 көршісі, 5 көршісі, 1 көршісі, 4 көршісі.

3. Тақтамен жұмыс:
«Қай зат, қай жерде орналасқан»
Шарты: балалар суреттегі заттарды орналасу реттерін атап айту.

4.«Адасқан сандар»
Шарты: сандарды ретімен орналастыру, оларды санау (тура және кері)

Карлсын өткізеді
Сергіту сәті:

5.«Келесі жағаға өт»
Шарты: аяқтарын суға тигізбей, тәрбиешінің бағытымен, тастың үстімен жүріп өту.

6.«Өз үйіңді тап»
Шарты: кілем үстінде геометриялық пішіндер жатыр, бұл – үйшіктер. Балалардың қолдарына пішіндер карточкасы беріледі. Музыка ойнап тұрады, ал балалар кілем үстінде қозғалып жүреді, музыка тоқтаған кезде өз үйлерін табады.

7.«Зейінді бол»
Шарты: Үйдің суретті 2 минут көрсету. Балалар таяқшалардың көмегімен зымырады құрастырады.
Карлсон: Ой, балалар тапсырмалар бітті, ал бірақ менің шыным тосапқа толмады? /Ренжіп/
Тәрбиеші: Карлсон сен ренжіме біз сізге өзіміздің дайындаған тосапты сыйлаймыз солай ма балалар.
Карлсон: Рахмет балалар, ал енді үйіме оралайын. Сау болыңдар! Тәрбиеші: Сау болыңыз.

Қорытындылау:
- Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге ұнады ма?
Маған да сендердің бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың өте қатты ұнады. сабақтарда ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлелдеп, көрсетесіңдер.
- Сау болыңдар, балалар!

Көкшетау қаласы,
"Бота" шағын орталығының тәрбиеші
Жакенова Айнаш

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама