Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Ойнайық та, ойлайық
Білім беру саласы: Таным, денсаулық
Білім көзі: Математика, дене шынықтыру
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық
Мақсаты: Қызықты ойындарды пайдалана отырып, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру, дұрыс санауға, түстерді ажырата білуге дағдыландыру, ойын ойнату арқылы ойлай білу қабілеттерін дамыту, байқағыштыққа, қиялдай білуге жетелеу. Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: қалпақ, түрлі-түсті орамалдар, шарлар, тиын, көпіршік, жылан ойыншық.
Әдіс - тәсілі: ойын ережесімен таныстыру, түсіндіру, сұрақ – жауап. Ынталандыру, сезімді ояту. Шаттық шеңбері: «Қуыршақтар» биі

Ізденістер, ұйымдастыру
- Балалар, мен бүгін сендермен қызықты ойын сабақ өткізгім келіп тұр. Ойынды бар бала жақсы көретіні рас. Бірге ойнап, бірге ойлануға дайынбыз ба?
- Онда кеттік, менің басымдағы не екенін айтып беріңдерші?
- Қалпақтың түсі қандай?
- Бұл жай қалпақ қана емес сиқырлы қалпақ екен.
- Қане бәріміз бірге сиқырлайық: 1, 2, 3 өңім болсын түс.
Осы кезде қалпақтың ішінен түрлі - түсті бірнеше орамалдарды алып шығу.
- Мынау не балалар?
- Қанша орамал екенін санайық?
- Түстерін атайық.
Бәріміз бірге «Орамал тастамақ» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір бала шығып көзін жұмып тұрады. Сол уақытта кез - келген баланың басына орамал жауып қою. Көзін ашып, кімнің жасырынып тұрғанын табуы тиіс.
- Балалар, менің бас киімімді қараңдар іші бос қой, ал енді қараңдар ішінде не бар?
- Кішкене құты, мұның ішінде не бар екенін байқайық, балаларға көрсету су екенін айту.
- Суды бірге сиқырлайық.
- 1, 2, 3 өңім болсын түс.
Көпіршік шариктер шығару.
Мен шариктерге айтар едім:
Домала шарик, домала,
Балшыққа тек жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресің қолымды.
Секіріп өт одан да,
Секіріп өт жолдан да.
Қуса күшік жетпесін,
Машина басып кетпесін.
Ғажайып сәт: Есік қағылып, белгісіз біреу себет тастап кетеді.
- Балалалар, мына ғажайып себетті қараңдар, ішінде не болды екен? Кім әкелді екен? Қане, бәріміз ойланып көрейікші, не бар деп ойлайсыңдар?
Әуенмен жылан шығады.
- Бұл не?
- Жыланның түсі қандай, көлемі қандай, ол қайтып жүреді. Бәріміз сапқа тұра қалып жыланша жүріп көрейік.
- Мына ғажайып шарларды қараңдар, қанша шар екенін санайықшы, түстерін атап көрелік, сендердің қандай керемет сиқыршы екендіктеріңді көрейік, сиқырлы сөзді айтсақ шарда өзгеріс пайда болады. Ал сендер көріп пе едіңдер, ішінде заты бар шарды. Ішінде не бар екен?
- Қандай дыбыс шығады?
- Онда шарды жарайық, ішінде не бар екенін көрейік.
- Енді бұл кәмпиттермен «Тәтті жинау» ойынын ойнайық.
Бүгінгі ойын сабақ көңілдеріңнен шықты ма?

Қорытындылау.
Сендерге рахмет, сабаққа өте белсенді, көңілді қатыстыңдар
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ретімен санауды, түстерді ажырата білуді.
Үйренуі керек: өз ойларын еркін жеткізуге.
Ойнайық та, ойлайық жүктеу

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, "Қарлығаш" балалар бақшасының тәрбиешісі
Ибраимова Гульчат Кабылжановна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама