Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ойнайық та, ойлайық
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№9 «Балауса» балабақшасы тәрбиеші
Ләззат Оразбай

ІІ - кіші топ
Мақсаты: Балаларды таза, анық байланыстырып сөйлеуге үйрету. Заттардың түстерін, жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сергіту сәті, мадақтау, қорыту.
Көрнекілік: Ойыншықтар, суреттер, жыл мезгілдері суреті үлестірмелері.
Таңғы жиын:
Таңмен бірге оянып,
Күлімдейміз күндей біз.
«Күнің сәтті болсын!» деп
Баршаңызға тілейміз
Қане балалар бір-бірімізге жылы лебізімізді арнайық.(бір-біріне тілектерін арнайды) (сол кезде есік қағылып ішке Аязата кіреді)
- Ой, балалар бізге кім келді? (Балалар жауабы)
Қане, амандасайық Аязатамен.
- Сәлеметсіз бе Аязата
Тәрбиеші: Балалар сендер Аязата қандай мерекеде келетінін білесіңдер ме? (Жаңа - жылда)
Тәрбиеші: Дұрыс. Балалар Аязатаның үлкен дорбасы бар екен. Бізге не сыйлық, не болмаса тапсырма әкелген-ау деймін.
- Аязата сіз балаларға не әкелдіңіз?
Аққала: Мен сендерге хатым толы ойындар әкелдім.
Ойыннан жеңген балаға сыйлығым да әзір
Ой, қандай керемет, балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
Аязатаға орын берейік, бізбен бірге ойнасын.
Балалар хатымыз үлкен екен, көп ойын бар екен
№ 1 үстелге тапсырма:
№ 2 үстелге тапсырма:
Ой, балалар!
Хат ішінде сендерге неше түрлі суреттер беріп жіберіпті.
Қане кімде қандай сурет бар екен?
Бұл суретте қыс және жаз мезгіліндегі табиғат сыйлары бейнеленген екен.

Ойын: 1. Қыста болатын құбылыстарды қыс суретіне жапсыру керек екен, ал, жазда болатын құбылыстарды жаз суретіне жапсыру керек екен.
2. Бұл сұрақта Үй және дала құстарының суретін беріпті дала құстарын орманға үй құстарын үйге жапсыру керек.
(Тапсырманы Аязата өзі тексеріп бағалайды)

Балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар. Жарайсыңдар!
- Аязата біздің балалар сізге ұнады ма?
Сендер мезгілдерді жақсы біледі екенсіңдер РАХМЕТ!
Сендерге шыршаға ілетін әсем ойыншықтар әкелдім жақсы ойнағандарың үшін
Тәрбиеші Ойыншықтарды балаларға таратып береді.
- Ал балалар енді біз осы ойыншықтармен тобымыздағы шыршамызды сәндейік.
Аяз ата:
- балалар мен асығыс едім әлі талай балаларға ойыншықтар апаруым керек олар да менің тапсырмамды орындап әдемі ойыншықтар алып шыршаларын сәндеуі керек. Өйткені Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Қош болыңдар балалар Жаңа жыл мерекесінде кездескенше.
(Балалар Аяз атамен қоштасады)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама