- 05 нау. 2024 01:41
- 168
Ойнайық та, ойлайық
Тақырыбы: «Ойлайық та ойнайық».
Саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Құрастыру.
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтап бекіту. Балаларды сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлауын қалыптастыру. Балаларды бір - бірін сыйлауға, өзара көмек көрсете білуге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: Ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: Электронды бейнелер, суреттер, пішіндер.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың назарын өзіме аудару.
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Бүгін бізде ерекше күн қонақ апайлар келіпті амандасайық.
Шаттық шеңбері!
Арайлап таң атты.
Алтын шапақ таратты,
Қайырлы таң апайлар.
Қайырлы таң балалар,
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- Жыл мезгіліне, айға тоқталу
- Қыс мезгіліне арналған тақпақтарың барма
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Есік қағылып, қолында әсем дорбасы бар сайқымазақ келіп, балалармен сәлемдеседі.
- Сәлеметсіздер ме, балалар
Өздерің қандай көңілді балаларсыңдар. Мені де орталарыңа қосасыңдар ма
- Қош келдің сайқымазақ кел отыр сен біздің балалардың сайысын көріп бағала.
- Олай болса мен әр дұрыс жауапқа жұлдыз пішінін беремін.
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақ апайлар қатысып отыр. Білімдерімізді көрсетейік. Ендеше біз ар түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз. Екі топқа бөлініп алайық: 1 топ үш бұрыш, 2 топ төрт бұрыш.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:
1. Кім жылдам?
2. Бәйге?
3. Жорға?
4. Қиындыны құрастыр.
1 сайысымыз: Кім жылдам?
Әр топқа бес логикалық сұрақтан беріледі, жылдам жауап берілу керек.
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Қолғапта неше саусақ бар?
3. Адамның неше көзі бар?
4. Қазір қай мезгіл?
5. Қыс мезгілінде неше ай бар?
1. Аспанда неше күн бар?
2. Сиырдың мүйізі нешеу?
3. Шардың пішіні қандай?
4. Мысықтың аяғы нешеу?
5. Адамда неше аяқ бар?
2 сайысымыз: «Бәйге» деп аталады.
Экранда ұяшықтар берілген, ар ұяшықта сұрақтар бар. Әр топқа үш сұрақтан.
Сергіту сәтті! Санамақ айту арқылы.
1, 2, 3 - ал кәнекей ұш.
4, 5, 6, 7 - мынау ауыл шетті,
8, 9, 10 - ал кәнекей қон
3 сайысымыз: жорға
Пішіндерді ажырату.
4 сайысымыз: Қиындыны құрастыру.
Екі топтың топ басшысы тақтаға шығып пішіндерден үй құрастырады.
Жарайсыңдар балалар олай болса осы пішіндерге арналған тақпақтар жаттаған едік естеріңде ме?
Квадрат қой мынауың,
Оңай екен сұрауың
Сәл қиындау келтіру
Домбыраның бұрауың.
Мынау емес төрт бұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш.
Бұның аты - дөңгелек,
Дөңгелекті дөңгелет.
Үш бұрышты білеміз
Табанында жүреміз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ, күлеміз
Төрт қабырға тең болса,
Төрт бұрышы тең болса.
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса.
Төртбұрышқа үшбұрыш
Үй төбесін жабамыз.
Ақыл, қайрат, күш - құрыш
Еңбекпенен табамыз.
- Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізге жақсы араластыңдар.
Осы сайысымыздың қортынды сөзін сайқымазаққа береміз.
Рахмет балалар сендер білімді екенсіңдер.
Мына жұздызшаларды санайықшы қай топта жұлдызша көп екен.
Жеңімпаз топты атап мадақтайды, өзі әкелген конфетті балалармен бөліседі.
- Рахмет сайқымазақ сау бол!