Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өзара кері сандар
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Урисбаева Жанат Алдамуратовна

Сабақтың тақырыбы Өзара кері сандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік өзара кері сандардың анықтамасын білу, өзара кері сандарды табудың ережелерін түсіну, өзара кері сандар туралы түсінік беру, бөлшек туралы ұғымдарын нығайтып есептер шығарту
Дамытушылық оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік оқушылардың есеп шығару кезінде ережелерді дұрыс пайдалана білуге, ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі жаңа білім беру
Сабақтың түрі аралас
Оқытудың әдістері сұрақ - жауап, баяндау
Пән аралық байланыс қазақ тілі
Көрнекілігі интерактивті тақта, сөзжұмбақ, кестелер, қима қағаздар

Сабақтың жоспары 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабаққа даярлық
4. Жаңа сабақ
5. Жаңа сабақты бекіту
6. Қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру
8. Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу

№743 (5 - 8)
2 3/8*6=(19*6)/8=(19*3)/4=57/4=14 1/4;
1 3/4*2=(7*2)/4=7/2=3 1/2;
3*2 1/9=(3*19)/9=(1*19)/3=19/3=6 1/3;
8*3 1/2=(8*7)/2=(4*7)/1=28/1=28;

3. Жаңа сабаққа даярлық
1. Қайталау сұрақтары:
1. Бөлшек деген немене?
Бөлу деген немене?
Бір бүтінді бірнеше
Бөліктерге бөле ме?

2. Бөлшектерді қосуды
Кім айтады балалар?
Бірдей болса бөлімі
Алымында не болар?

3. Бөлімдері әр түрлі
Болса қалай қосамыз?
Барлығыңнан балалар
Дұрыс жауап тосамыз.

2. Сөзжұмбақ “Өзара кері сандар”

1. a/b түрінде жазылған сан (бөлшек)
2. Бөлу амалының белгіленуі (сызық)
3. 1 мен сол санның өзінен басқа санға бөлінбейтін сан (жай сан)
4. Бүтін және бөлшек бөлігі бар сан (аралас)
5. 6/13 бөлшегінің алымы (6)
6. 2 3/4 бөлшегінің бүтін бөлігі (2)
7. Берілген санға қалдықсыз бөлінетін санды қалай атайды? (еселік)
8. Санауда қолданылатын сан (натурал сан)
9. Бөлшек сызығының астында жазылатын сан (бөлімі)
10. Бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей натурал санға бөлуді не деп атайды? (қысқарту)
11. Бөлшек сызығының үстіндегі сан (алымы)
12. Бөлшекті нөлге көбейткенде қандай сан шығады? (нөл)
13. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс )
14. 5/6 бөлшегінің бөлімі неге тең? (6)
15. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама