Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Қазақ тілі. 6 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға өзгелік етіс, ырықсыз етіс, жасалу жолдары туралы түсінік беру, оқушы ойында жаттығулар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылық: оқушының есте сақтау қабілетін арттырып, жаттығу жұмыстары арқылы ой өрісін дамыту
Б) Тәрбиелік: тәрбие мен білім егіз ұғым екенін бойларына сіңіру, дұрыс түсінуге, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Әдісі: талдау, салыстыру, теріп алу
Көрнекілігі: кестелер, парақшалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
Геометриялық фигуралар бойынша топтардың мінезін анықтау:
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым.
Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;
- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.
Геометриялық фигураларға байланысты бір - бірімен амандасады:
Үшбұрыш: қол алысып;
Төртбұрыш: өзге тілде.
Дөңгелек: ым - ишара арқылы.

ІІ Үй жұмысы.
Өздік етістің ережесін жаттау. Жаттығу орындау.

ІІІ Жаңа сабақ.
Өзгелік етіс қимылдың, іс - әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар:
1) - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, отыр - ғыз, жүр - гіз, айт - қыз, жет - кіз;
2) - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, сал - дыр, сен - дір, ас - тыр, тік - тір, кет - ір, ас - ыр;
3 - сет, - т; жаса - т, сөйле - т т. б.
Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс - әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.
Ырықсыз етіс Іс - әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, - ыл, - іл, - л түбірдің ішінде л дыбысы болса - ын, - ін, - н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт - ылды, уәде бер - іл - ді, шарт жаса - л - ды, үй таза - ла - н - ды, қамал ал - ын - ды, үй сал - ын - ды т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама