Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өзін-өзі тану пәніне арналған арнайы курс бағдарламасы
Ұсынылып отырған бұл әдістемелік – оқу құралы оқушыларды адами қарым - қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым - қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым - қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады. Әдістемелік - оқу құралының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым - қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.

ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынылып отырған әдістемелік - оқу құралы жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани - адамгершілік білім беру жүйесінде өзін - өзі тану пәніне қосалқы құрал болу арқылы арқылы жүзеге асады. Әр оқушының ішкі жан - дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді. Оқу - әдістемелік құрал оқушылардың қоғамға және өз - өзіне қызмет етуіне бағытталуын, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік береді
Мақсатымыз
• Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу, оны жеке тұлға ретінде, іс - әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым - қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыру;
• Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіру
Қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтау
Өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу
Оқушының өзін қоршаған әлемді танып білу
Рухани жан дүниесін байыту.
Оқыту материалдарының мазмұны:
1. Ұлағатты сөздер.
2. Мақал - мәтелдер.
3. Сен де ойыңды қос балақай
4. Өлеңдер
5. Ұлттық ойындар
6. Суретпен жұмыс
7. Тапсырмалар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама