Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Озық ойлы оқушы
Кластан тыс шара
Тақырыбы: "Озық ойлы оқушы"
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарытқан, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі шығармашыл еркін ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Ойын 5 бөлімнен құралған І бөлім «мен әлемнің бір бөлшегімін»
ІІ бөлім «Ұтымды жауап, ұтқыр ой»
ІІІ бөлім «Шеберлігіңді шыңда»
ІV бөлім «Тапқыр болсаң...»
Әділ қазы алқасын сайлаймыз

І бөлім «Мен әлемнің бір бөлшегімін»
Мұғалім балалар сіздер әлемнің бір бөлшегісіңдер. Сол әлемге қандай пайда келтіретіндеріңді, қандай үлес қосатындарыңды, өмірдегі ұстанымдарыңды бейнелеңдер(әр бала әңгімелейді)

ІІ бөлім «Ұтымды жауап, ұтқыр ой»
«менің атым Қожа» фильмінен үзінді
- Балалар бұл қандай кино?
- Авторы кім?
- Бұл шығарма қалай аяқталады?
- Сен режиссер болсаң қалай аяқтар едің?

ІІІ бөлім «Шеберлігіңді шыңда»
Мұғалім: Балалар біздер көп нәрсені пайдаланып болған соң тастаймыз. Алдымызда жаңа жыл келе жатыр. Ескі ойыншықтарды лақтырмау үшін не істеуге болады?
Сергіту сәті «Аю мен Маша» мультфильмі.
Сұрақтар – Аюдың үйінің алдында не тұр?
- Маша неше рет аю деді?
- Орманға барғанда аю қолына не ұстап барды?
- Шыршада неше ойыншық қалды?

ІV бөлім «Тапқыр болсаң...»
Ортаға қорап әкелінеді. Ішіндегі затты жасырады.
Сұрақтар Оның түсі ақ, дөңгелек болып келеді.
- Ауызға үріп салғандай, үлпілдек.
- Жылына бір кездеседі.
- Сен оны көргенде қуанасың.
- Ол заттан көп нәрсе жасайсың.
Жауабы: Қар
Ең ұтқыр, озық ойлы оқушы жеңіске жетіп « Озық ойлы оқушы» атағына ие болып марапатталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама