Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосы
«Ақжігіт орта мектебі» ММ информатика пәні мұғалімі
Абылкасова Улзира Хайытбаевна

Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Мақсаты: Стандартты Paint редакторымен танысу
Ұйымдастыру 1 минут
Сәлемдесу, топқа бөліну
1 - топ «Қарындаш»
2 - топ «Өшіргіш»
3 - топ «Масштаб»

Оқыту нәтижесі
1. Paint редакторы қызметін
2. Paint редакторын іске қосуды
3. Paint редакторының сурет салатын құралдары
4. Paint редакторында құжатты сақтау, ашу
Ресустар: Презентация, деңгейлік тапсырмалар, ДК, жұмыс дәптері, бағалау бетшесі
Модульдер 1. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер
2. АКТ қолдану
3. СТО
Психологиялық тренинг 2 минут
Шаттық шеңбері
Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Мағынаны тану 6 минут
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын айтыңыз?
2. Пернетақтаның қызметі қандай? Қандай батырмаларын білесіз?
3. ОЖ дегеніміз не? Біздің компьютер сыныбымыздағы ОЖ қалай аталады?
4. Файл, бума белгіше дегеніміз не? Бумалар мен белгішелерді қалай құрамыз?
5. Операциялық жүйенің негізгі объектілерін атаңыз
(Осы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады)

Ой қозғау 8 минут
1. Ерте кезде адамдар жазуды, бейне кескінді неге салған, ал кәзір ше?
2. 5 - сыныптың сабақ кестесінде сурет салуға үйрететін пән бар ма?
3. Бейнелеу сабағында қандай құралдарды пайдаланасыңдар?

ДЖИГСО әдісі. Жаңа өткен тақырыпты топтарға бөліп беремін (Постер қорғайды) Топтық жұмыс. 7 - минут
Тапсырма №1 1 минут
1. Сәйкестендіру
Графикалық редакторды көрсетіңіз ------------- Стандартты
Paint қандай бағдарламаға жатады? ------------ Пуск - Все программы - Стандартный - Paint
Paint редакторын іске қосу ----------------------- Paint

Тапсырма №2 3 минут
1. Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
Ә) Оқу, кітап
Б) Сурет, сурет салу
2. Барлқ растрлық кескін неден тұрады?
А) кішкене тіктөртбұрыштардан
Ә) нүктелерден
Б) сызықтардан
3. Қандай пішіндегі кескіндер ең сапалы болады?
А) bmp
Б) jpg
В) png
4. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
Ә) 1
Б) 0
5. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
Ә) Ctrl
Б) Shift
6. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) қарапайым және түрлі түсті
Ә) қарапайым және күрделі
Б) стандартты және стандартты емес

Тапсырма №3 Жеке жұмыс 3 минут
Paint графикалық редакторында сурет салатын құрал бар.
Сурет салатын құралдар ішінде мынадай геометриялық құралдар бар

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама