Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
СЫНЫБЫ: 8
Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері: жол, баған, ұяшық туралы түсіндіру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Кесте элементтерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық - құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру
Пән аралық байланыс: сурет, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірмелі-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Оқу құралдары
2. Компьютер
3. MS EXCEL бағдарламасы
4. Кесте
5. Электрондық кесте

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. /2-мин/
«Бірінші төрттік»- Компьютердің алдындағы жұмыс дәптерін бірінші болып толтырған
төрт оқушыға жылдам орындағаны үшін жауап парағына “+” белгішесі қойылады
а/ ұжымдық әрекет;
ә/ санитарлық-гигиеналық әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау әрекеті;
в/ жұмыс дәптерін толтыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10-мин/
1. Баған мен жолдардың қиылысуынан нелер пайда болады?
2. Сызықтық кесте дегеніміз не?
3. Кесте дегеніміз не?
4. Электрондық кестедегі формула ?
5. Жол дегеніміз не?
6. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?
7. Ұяшық дегеніміз не?
8. Электрондық кесте дегеніміз не?
9. Microsoft EXCEL қандай программа?
10. Баған дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе. 3-мин/
Оқушыларға кесте дегенде нені түсінеміз, кестенің бірнеше түрлері болуы мүмкін бе? - деген сұрақтарды қойып, кесте туралы өмірде кездесетін мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты ашу.

VІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /14-мин/
(электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіремін)

V. Сабақты бекіту. /7-мин/
"ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС"
Оқулықтағы 8.1-тапсырманы барлығымыз бірдей орындаймыз. 98-бет (3 минут уақыт)
1. Белгілі әдістердің бірін қолданып, Microsoft Excel бағдарламасын іске қосамыз.
2. Кестенің С бағанында және 4 жолында тұрған ұяшықты белгілеңіз.
3. А16, F3 ұяшығын белгілеңіз.
4. Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.
5. 2-парақты (Лист 2 парағын) шертіп, №2 параққа ауысыңыз, №3 параққа ауысыңыз, №1 параққа қайтып оралыңыз.
6. Microsoft Excel бағдарламасын жабыңыз.

VІ. Қорытындылау. /5-мин/
"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.
11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.

Жұмыс үстелінде орналасқан "Excel - тест-8" атты электронды тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Алған бағаңызды мұғалімге ескертіңіз. (4 минут уақыт)
VІІІ. Үйге тапсырма. /2-мин/
§8.1 MS EXCEL- мен танысу. 92-бет
§8.2 MS EXCEL- ге берілгендерді енгізу және редакциялау. 98-бет
Жанұямыздағы жандардың тізімін қосымша жұмыс дәптерімізге кесте толтыру арқылы жазып келу. Толтырылған кестені келесі практикалық сабақта компьютерде орындау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама