Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Paint шыңы ойыны
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Қаман Күлмараш Болатқызы

Информатика 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Paint шыңы» ойыны.

Ойынның мақсаты:
1. Білімділік. Тарау бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдылану, білім дағдысын артыру, оқушылардын ойлау қабілетін дамыту.
2. Дамытушылық. Редактордың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны дамыту.
3. Тәрбиелік Тәртіптілікке, сабырлыққа, еңбек сүйгіштікке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Технология: Модульдік
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Оқушылардың білімін бекіту, пысықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-Жауап әдісі, қисынды ойлау әдісі, ойын әдісі.
Көрнекіліктер: «Paint шыңы» ойынына байланысты көрнекіліктер, презентация

Барысы:
1. Ұйымдасттыру кезеңі.
2. «Paint шыңы» ойыны.
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Әр топта өз топ басшысы және аты болады.
Компьютерде – «Paint шыңы» ойынын Power Point программасында жасалған презентация арқылы жүргізу.
1. Гейм «Кім жылдам» Екі команда компьютерде презентация бетінен «Кім жылдам» тест сұрақтарына жауап береді.

Тестің сұрақтары:
1. Pаint графикалық программасы не үшін қажет?
2. Терезе элементтерін ата?
3. Фондық түсті қалай таңдайды?
4. Сызықтың қалыңдығы қалай таңдалады?
5. Үнсіз келісім кезінде кескін және фондық түс қандай болады?
6. Тышқанның оң батырмасының көмегімен сурет салуға бола ма?
7. Салынған суретің көшірмесін қалай аламыз?
8. Буфердегі суретті енгізгенде, ол графикалық редактор терезесінің қай жеріне орналасады?
9. Суретті баспаға шығару әрекеті қалай орындалады?
10. Графикалық редакторда салынған суретті жұмыс үстеліне орналастыруға бола ма?

Гейм «Бой сергіту»сәті.
Команда мүшелері 2 топқа бөлініп партаға отырады. Команданың адамдары сұраққа жауап береді. Бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап тексеріп отырады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген команда ұтады.

Ойынның тапсырмасы «А тобы»
1. Орындатпау командасы қалай орындалады?
2. Суретті дискідегі файлда не үшін сақтау қажет?
3. Pаint бағдарламасының құжатын 1-ші рет сақтау үшін қандай командалар орындау керек?
4. Объектіні көшіру үшін қандай әрекеттер жасау керек?
5. Масштабты қалай үлкейтеміз?
6. Суретті сақтағаннан кейін жұмыс үстеліне қалай шығарамыз?

«В» тобы
1. Орындатпаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады?
2. Pаint бағдарламасының құжатын қайталап сақтағанда қандай команданы орындау қажет?
3. Суретке мәтін жазу үшін қандай әрекетті орындаймыз?
4. Объектіні жылжыту үшін қандай әрекеттер жасау қажет?
5. Масштабты үлкейткеннен кейін қалай қалпына келтіреміз?
6. Суретті басып шығару үшін қандай команда орындалады?

3. Гейім «Pаint шыңы»
Команда мүшелері екі топқа бөлініп компьютерде отырады. Шыңға 3 геймнен көп бал жинаған адам шығады.
Тапсырма «А» тобы
А. Құнанбаев атамыздың «Қыс бейнесі өлеңін тыңдап, Pаint программасында тақырыпты ашып сурет салу.
«В» тобы
«Жазғытұрым» өлеңін тыңдап, Pаint программасында тақырыпты ашып сурет салу.
Әр топтағы жеке балдарға баға қойып, балды көп жинаған команда ұтады.

2. Шығармашылық жұмыстарын қорғау.
Шығармашылық жұмыспен айналысып жүрген оқушылар жұмысын қорғайды.
Үйге тапсырма.
Pаint графикалық редактор бойынша сынаққа дайындалу.
Бағалау критерий бойынша бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама