Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Панно түрлері
Пәні: Технология.
Сыныбы: 6сынып

Сабақтың тақырыбы: Панно түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға панно деген сөздің мағынасын түсіндіру. Оқушыларға панно жасауды үйрете отырып, сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен таныстыру, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды әр түрлі мерекелерде сыйға тарту.

Білімділік мақсаты: Панно жасауды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту. Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау. Ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу. Тазалық, гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге және оны сақтауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралас байланыс: бейнелеу өнері, биология.
Көрнекіліктер: Панна түрлері, мата, ПВА желім, қайшы, қағаз, таспа, сөзжұмбақ, ереже, нұсқау карта, ине, жіп т.б.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Технология сабағына керекті құралдарды дайындап қою.
ІІ.Алдынғы сабақта матадан қандай жұмыс жасадық?
Раушан гүлін дайындадық.
Балалар, тек еңбектің арқасында ғана біздің жасаған жұмыстарымыз өз жемісін бермек.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында жаттаған еңбек туралы бір-екі мақал мәтелдерді айтып жіберіңдер.
Еңбек түбі зейнет.
"Сабағынды жөндеп, әзірленсең ...(еңбек).
Қиындықтың бәрін, еңбек қана жеңбек."

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар, осы жұмыстарды жасау үшін қандай құрал-жабдықтарды пайдаланғанымызды сөзжұмбақ арқылы шешейік.
Сөзжұмбақ
Иненің серігі (жіп)
Жібек, шыт атлас (мата)
Киім тігетін құрал (Машина)
Кесте тігетін жіп ( мулине)
Тігінші құралы (Оймақ)
Қандай сөз шықты (Панно)

Дәптермен жұмыс.
Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй –ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.
Панно түрлері
Жасанды. Матадан. Қағаздан.
1. Икебано жасанды гүлдер және табиғи материалдардан жасалынған панносы.
2.Матадан жасалған гүлдер панносы.
3.Түрлі –түсті қағаздан жасалған жапсырмалау панносы.

Табиғи материалдардың көптеген түрі бар: ағаштың қабығы, бұтағы, кептірілген жапырақтар, кептірілген гүл, жаңғақтың сырты т.б
Панно дайындамас бұрын, қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
Қайшыны бір-біріне бергенде өзіне қаратып беру керек.
Тат басқан, өтпейтін қайшымен жұмыс жасама. Жұмыс орнын таза сақтап, болғасын жинап қою керек.

4. Сарамандық жұмыс.
«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіне кенелерсің»деген мақалға сүйене отырып, біз де жұмысымызды әдемі жасауға тырысайық. Оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ: Табиғи материалдармен жұмыс.
2-топ: Матамен.
3-топ: Түрлі –түсті қағазбен.
Жұмыс барысында оқушыларға көмек.

5 Сабақты бекіту. Тақтаға паннолар ілінеді.
Бүгінгі сабақта не жасадық?
"Панно" дегеніміз не?
Панноны не үшін пайдаланамыз?
6. Үйге тапсырма. Ине, жіп, қайшы. «Жіппен бейнелеу»
7 Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама