Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Тақырыбы: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару.
«Өзін - өзі тану» пәнімен интеграцияланған геометрия пәнінің сабақ жоспары
7 сынып
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Шыншылдық, әдептілік, кішіпейілділік
Сабақтың мақсаты: Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Перпендикуляр түзулер мен оның қасиеттері, нүктенің түзуге дейінгі қашықтығы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың бойында зеректік, шыншылдық, логикалық ой қорытындылау икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабырлылыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке, әдепті, шыншыл бола білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар, көздері)

Сабақтың барысы
Сыртқы интеграция
Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың 5 «Т» ережесін атап өту және оқушылармен қайталау.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәті.
1. Жағымды көңіл күйге бөлеу (3 мин)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…
Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс)
№1092 есеп
Шешуі:
∠EDC=120°- 90°=30°
∠ADE=90°- 30°=60;
Жауабы: ∠EDC=30°, ∠ADE=60°
№1097 - есеп
Шешуі:
∠COF=∠KOF -∠KOC=90°- 50°=40°
∠FOB=∠COB -∠COF=90°- 40°=50°
Жауабы: ∠COF=40°
∠FOB =50°

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Бұлақбаева Гүлсім Кенжебайқызы
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама