Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Пішіндер әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс – қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қ. М. Ұ. Қ.
Тақырыбы: Пішіндер әлеміне саяхат
Мақсаты: Пішіндер жайлы мағлұматтарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді салыстырып және ажырата білуді одан әрі жалғастыру. «Жоғары», «төмен» ұғымдарын түсіндіру.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту және жетілдіру.
Бастаған жұмыстарын аяғына дейін мұқият орындауға, бір – біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Мотивациялық - қозғаушылық
Амандасу:
Болашағы жарқын елдің,
Бүлдіршіні біздерміз.
Денсаулықтың арқасында,
Ойнап – күліп жүреміз.
Бәріміз де білімдіміз,
Өнерліміз жан – жақты.
Ұлдарымыз дарынды,
Қыздарымыз талапты,
Сәлемет пе, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атап беріңдерші.
- Аптада неше күн бар?
Апта күндерін атап беріңдерші.

- Балалар, сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін біз сабағымызды ертегі негізінде өткіземіз.

«Үйшік» ертегісі
Күзгі орманда биікте емес жерде бір үйшік болыпты. Сол үйшікке қарай бір үшбұрыш жақындап келеді. Оның үйшікке қатты кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр екен.
Үшбұрыш: Ей, құлып, жылдам ашыл! Менің үйшікке кіргім келіп тұр!
Сиқырлы дауыс: Сен кімсің?
Егер үшбұрыш сөйлей алған болса, өзі жайлы не айтар еді?
Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын, менің түсім – қызыл. Үш бұрышым және үш қабырғам бар. Үйдің шатырына ұқсаймын.
Сиқырлы дауыс: Балалармен бірге тапсырма орындасаң кіргіземін.
- Балалар, үшбұрышқа үйшікке кіруге көмектесеміз бе?
Пішіндер әлеміне саяхат жүктеу
Пішіндер әлеміне саяхат слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама