Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Пішіндер
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы, Талшық селосы
"Балдырған" балалар бөбек бақшасы тәрбиешісі
Токушева Айнагуль Шокенаевна

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным. 24. 02. 2016
Бөлім: Сенсорика.
Тақырыбы: Пішіндер.
Мақсаты: Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау. Қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, дамытушы ойындар.
Қолданылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, түрлі - түсті шарлар, тиісті суреттер.

Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгінгі біздің іс - әрекетіміз ерекше, өйткені бізге қонақтар келіп отыр, барлығымыз бұрылып амандасып шығайық.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Кәне барлығымыз бірге амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті, сол хаттың ішін - де сендерге арналған тапсырмалар бар екен, балалар тапсырмаларды орындайсыңдар ма, дайынсыңдар ма?

Ұйымдастырушы – ізденіс
1- тапсырма.
- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер?
- Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау:
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп).
- Дөңгелекке доп, тәрелке ұқсайды ма? (суреттерін іліп көрсету, түсіндіру)
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (үшбұрышты көрсетіп)
- Үшбұрышқа не ұқсайды? (таудың, қайықтың желкені, үйдің шатырының суреттерін іліп), олар үшбұрышқа ұқсайды ма?
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (сопақшаны көрсетіп)
- Сопақшаға не ұқсайды? (қауынның, жұмыртқаның суреттерін іліп), олар сопақшаға ұқсайды ма?
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (төртбұрышты көрсетіп)
- Төртбұрышқа не ұқсайды? (теледидардың, көп - қабатты үйдің, терезенің суреттерін іліп) олар төртбұрышқа ұқсайды ма?
Дидактикалық ойын «Әдемі кілемше».
«Кілемшенің» тесіктерін керекті геометриялық пішіндермен толтыр, яғни әшекейле (геометрия - лық пішіндердің тиістісін үшбұрыш, дөңгелек, сопақша мен төртбұрышты).
2 - тапсырма.
Түрлі - түсті дөңгелек шарларды түстері бойынша тиісті ыдыстарға сал (қызыл түсті шарды - қызыл ыдысқа, сары түсті шарды - сары ыдысқа, т. с. с.)
- Әрбір түсті шарлардың түстерін сұрап отыру.
- Балалар мына шардың түсі қандай? Оны қандай түсті ыдысқа саламыз?
- Бәрекелді, жақсы балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Келесі тапсырма.

Сергіту сәті:
Еңкей төмен тізеден
Бостау ұстап беліңді,
Серпіл қайта үзе дем,
Көтер қолды сенімді.
3 - тапсырма.
Әтешке қарап ән салып,
Әнші болған балапан.
Әтеш болып шақырып,
Соқшы кәне алақан.
- Үшінші тапсырмамыз - мына жердегі түсті әтеш - терді көріп отырсыңдар және түсті қысқыштар бар, ал әтештерге қарасаңдар оларда не жоқ, не жетіспейді?
- Иә, дұрыс балалар олардың әдемі құйрықтары жоқ, ал сендер түсті қысқыштарды пайдалана отырып қызыл түсті әтешке қызыл түсті қысқыш - пен, сары түсті әтешке сары түсті қысқышпен әдемі құйрықтар жасайсыңдар.
Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
4 - тапсырма - жеке жұмыс.
Алдынан ала тақтаға көрсетіп түсіндіргеннен кейін балалар өздері орындайды, алдынан ала үшбұрыштарға балалардың назарларын аудару, фигураны атау.
Тақтаға үш түрлі жасыл түсті үшбұрыш (біреуі - ең үлкен, біреуі - кішірек, ал біреуі - ең кішкентай) қойып олардан шыршаны жинастыруға ұсыныс беру. Алдымен ең астына - ең үлкен үшбұрышты қою керек, келесі - кішірек үшбұрышты кейін - ең кішкентай үшбұрышты қойып шыршаны жасау, кейін балалар өздері үстелдің үстінде шыршаны үшбұрыштардан жинастырады.
Қорытынды жасау.
- Пішіндер мен түстерді көрсетіп сұрау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама