Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Пысықтау
Математика 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімін логикалық ойлау жүйесін толықтыру, өткен тақырыптарды қайталай отырып тапсырмалар орындау.
2. Қабілеттілік пен белсенділікті дамыту.
3. Болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: сурет, кеспе, слайд.
Әдіс - тәсілдері: қызығушылықты ояту, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру
Пән аралық байланыс: оқушы компоненті, ана тілі.

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады (күн)
Жұпар иісі еседі
Жайнап бақта өседі. (гүл)
- Бүгінгі сабақта гүлдей жайнап, күндей жарқырап отырайық.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Жалқау бала (көрініс)
Балалар, біздің арамызда жалқау сабаққа дайындықсыз келген оқушы бар ма? Осы баладай жаман баға аламыз ба? Олай болса ол баланың қылығын бойынан алып тастайық.
ІІІ. Көркем жазу минуты. 10 20 30 40 50 60 70 80 90

ІҮ. Өткен материалды пысықтау.
а) Математикалық диктант
53 ондықтары мен бірліктерінің қосындысы түрінде жаз. т. б.
ә) «Кім шапшаң?» ойыны жеке карточкамен жұмыс.
50+4 ------- 66 - 6 ----- 70+1 ------- 83 - 3 ------- 64 - 4 ------ 72 - 2 ----- 30 - 40
40+20 ----- 80+10 --- 90 - 30 ------- 68 - 8 ------ 94 - 90 ------ 70+8 ---- 18 - 8

Ү. Сергіту сәті Дидактикалық ойын. «Жасырылған сөз»
1. ТҚСАРЫМНЯУЛ
2. ЖАҢБЫРАЗЛЖҰҚ
3. ДРОМОҚПАЖЕЛ
4. ЫСТҰМАНСИЯО
5. НДЯЖАПЫРАҚТО

ҮІ. Оқулықпен жұмыс. №2 39см=30см+9см
№3 63, 36 60+3 30+6
№4 Сөз есеп шығарылады, талданады.

ҮІІ. Миға шабуыл.
Табақта он бес алма
Қолымда төрт алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама
Екеуін бердім атама
Үшеуін бердім атама
Нешеуі қалды өзімде?

Көңілді санамақ
2 - екі
Баласына ж2ріп
Ұрсып жатыр к2лік
2леніп, с2ріп
Алып қапсың 2лік
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2ді

ҮІІІ. Рефлексиялық кезең
• Екі таңбалы сандар қандай разрядтан тұрады?
• Қандай амалдарды өттік?
• Қосу амалына кері амал.
• Азайту амалына кері амал.

Үйге тапсырма: №6
Сабақты аяқтау. «Ұстазым» әнімен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама