Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Конденсаторлар
Физика пәні 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Конденсаторлар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды потенциал және потенциалдар айырымы,
электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс, конденсаторлар түсініктерімен таныстыру, оларға есеп шығару білік дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін, ойлау, жүйелеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, физикалық сауатты жазуға баулу. Ізденуге, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, кеспе қағаздар, көңіл - күй фишкалары, бағдаршам дөңгелектері, тәуелсіздік карточкалары

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Сынып тазалығын тексеру
4. Құттықтау (Оқушылар қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар, білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер. Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні)
5. Топқа бөлу
IІ. "Ой қозғау"- Ұшқыр ойдан ұтымды жауап (Өткенді пысықтау):
1. Кулон заңы қалай тұжырымдалады?
2. Электр өрiсiнiң күш сызықтары
3. Атомның құрылысы қандай?

ІII. "Біліміңді шыңда" Жаңа сабақ
а) Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық деп аталады.
Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді. Осы күштің әрекетінен электр заряды (зарядталған дене) орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде электр өрісі жұмыс атқарады. Осы жұмыс электр өрісінің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама