Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Практикалық жұмыс «MS Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс»
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «MS Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс».
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс жасау, кестені түрлендіру және пішімдеу қабілеттерін жүйелеу. Кестені пішімдеу тақырыбына алған білім деңгейлерін практикалық тапсырмалар арқылы тексеру.
• Берілген тапсырмаға қорытынды талдау жасау мүмкіндіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
• Зеректілік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиелеу. Оқушының патриоттық сезімі қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: Word редакторында кестелермен әртүрлі мысалдарды орындау арқылы Word редакторында жұмыс жасау технологиясын үйренеді.
Оқушылар үйренуі тиіс: Кестелерге баған, жол қосу/жоюды. Кестелерді пішімдеу әдістерін. Мәтіндік редактордағы кестелерді басқа редакторға көшіріп қоюды. Кестелерді және оның жиектерін бояуды.
Көрнекілігі: компьютер, тұсаукесер, таратпа материалдар
Сабақта қолданылатын әдістер: «Ой қозғау», « ВЕНН» диаграммасы, «Insert»,
Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу, жағымды психологиялық ахуал тудыру (Оқушылар шеңбер құрып ортаға тұрады, көздерін жұмып, әркім өзіне ішінен жақсы тілек тілейді. Мұғалімнің нұсқауымен әр оқушы өзіне тілеген тілегін қасындағы көршісіне тілейді. Бұл кезеңге мұғалім де қатысады. - Оқушыларды түгендеу (журнал толтыру)

ІІ. Сабақтың мақсат - міндеттері қою
Білімді өзектендіру.
Оқушыларға сұрақ: Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, сынып туралы мәлімет жазу керек, оның ішінде: оқушылар тізімі, жасы, адресі және телефоны болу керек. Бұл ақпаратты жазған кезде, қандай түрде жазған ыңғайлы?
Оқушылардың жауабынан соң бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Венн» диаграммасы арқылы Word 2007 және WordPad программасының айырмашылықтарын анықтап келу.
Топта жұмыс істеу. Оқушылар Түрлі - түсті дискілер ді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді. Әрбір дискінің артында Техника қауіпсіздігі, кесте бойынша сұрақтар болады. Дискі әріптеріне сәйкес, топтың аттары да белгілі болады.(«Баған», «Кесте» топтары).

Карточкамен жұмыс
• Кесте құрудың барлық тәсілдерін атау
• 4 баған 5 жолдан тұратын кесте құру
• Көзбен монитордың ара қашықтығын айт
• Баған қосу жолдары
• Кестеге жол қосу жолдары
• Екі ұяшықты біріктір
• Бағанның енін қалай өзгертеміз?
• Компьютерде оқушы қалай отырады?
• Кестеге жол қосу. Компьютерде көрсет
• Бүкіл кестені ерекшелеу
• Жолды қалай ерекшелейміз:
• Бағанды қалай ерекшелейміз?
• Компьютер сыныбына қалай кіреміз?

«Ой қозғау»
Кесте құрылымы
Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін: Конструктор және Макет бөлімдерін қосады. Конструктор кестені әрлеуді өзгертуге арналған, ал Макеттің қызметі – кестенің құрылымын түзету (1 – сурет).

Информатика пәні мұғалімі Кожахметова Л. А.

Практикалық жұмыс «MS Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама