Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Процентке берілген күрделі есептер (факультативтік сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Процентке берілген күрделі есептер (факультативтік сабақ)

Мақсаты: Процентке берілген күрделі есептерді шығаруға машықтандыру, ойлау қабілеттерін арттыру
Тапсырмалар: 1) Оқулықтағы процентке берілген күрделі есептер (қосымша оқу үшін)
1. Орманның төрттен бір бөлігіндегі ағаштардың 20%- і, ал қалған бөлігіндегі ағаштардың 10% - і кесілді. Орман ағаштарының неше проценті кесілді?

2. Егер Асылбектің ақшасына тағы 80% қосса, онда 9000 рубль болады. Асылбекте қанша ақша бар?

3. Екі саудагер қалада бірдей бағамен тауарлардың бірдей санын сатып алып, өз ауылдарына сатуға кетті. Біріншісі сатып алғаннан бағадан екі есе
қымбатқа сатты. Екінші саудагер алдымен 60%- ке арттырып, тауардың төрттен бір бөлігін сатты, содан соң тағы 40%- ке арттырып, қалған тауар сатты. Қайсы саудагер көбірек пайда тапты?

4. Көктемгі арзандатуда бір дүкенде 3500 теңгелік шарфтар 40%- ке, бір аптадан соң тағы 5%- ке арзандатылды. Басқа дүкенде бағасы осындай шарф
бірден 45%- ке арзандатылып сатылды. Шарфты қай дүкеннен сатып алған тиімдірек?
3500*0, 4= 1400
3500 - 1400=2100 тг
2100*0. 05=105
2100 - 105=1995тг сатылды
2 дүкен: 3500*0, 45=1575
3500 - 1575=1925тг сатылды Жауабы: екінші дүкеннен
5. Оқулықта 160 бет бар. Бірінші күні оқушы барлық кітаптың - ін, екінші күні қалғанының 65 %, ал үшінші күні кітаптың қалған бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күн сайын оқулықтың неше бетін оқыды?

6. И. А. Гончаров «Обломов» романында Илья Обломов көктемде - 25%- ке жүдеді, жазда - 20%- ке толды, күзде - 10%- ке жүдеді, қыста - 20%- ке толды. Бір жылдағы өзгерісі қандай? Жүдеді ме? Толды ма?

7. Қарабас - Барабастың сақалы өз салмағының 40%- н құрайтын,
Буратино қиып тастағаннан кейін ол 10% - н құрайтын болды. Буратино сақалдың қандай бөлігін қиып тастады?
Сергіту «Сиқырлы дөңгелек»
Көрсетілген фигурадағы дөңгелекшелерге 2 - ден 26 - ға дейінгі жұп сандарды әр боялған дөңгелекшенің айналасындағы 6 дөңгелекшедегі сандардың қосындысы 100 - ге тең болатындай етіп орналастыр.

Математика пәні мұғалімі Балкия Бегалина

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама