Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қалампыр

Түрлі түсті қалампыр (гвоздика разноцветная, Dianthus versicolor Fisch) — шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі. Биіктігі 60 сантиметрдей. Тамыры жуан, қосымша тамырлары да бар. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, отырмалы, қандауыр тәрізді. Гүлдері ірі, қызыл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағына бір-бірден орналасқан. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Тау етектерінде, қарағайлы ормандарда, шабындықтарда өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады.

Құрамында сапониндер, алкалоидтер, кристалды заттар, аскорбин қышқылы бар. Ұзаққа созылған зерттеулер нәтижесінде қалампыр тұнбасының жатырды өте жақсы жиырылтатын қасиеті анықталды. Осы мақсат үшін қолданылып жүрген кейбір дәрілерге қарағанда қалампырдан жасалған дәрілердің әсері 3-4 есе аз, бірақ оның есесіне одан жасалған дәрінің организмге ешқандай зиянды әсері жоқ. Сондықтан оны жатырдың бұлшық еттерінің күші азайғанда, етеккір өте көп мөлшерде келгенде пайдаланады. Халық медидинасында қалампырды жатырдан және геморрой түйіндерінен қан кеткенде де пайдаланады.

Қолдану тәсілі

Қалампыр шөбінің 15 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады да, сүзіп алып 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама