Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері
Биология 8 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырыптың мазмұнын түсіну, алған білімін өмірде қолдана алу, сыни ойлауға үйрену.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыптың мазмұнын түсінеді, алған білімін өмірде қолдана алады, сыни ойлауға үйренеді.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, биологиялық диктант, кім жылдам ойыны, Венн диаграммасы

Кіріспе
«Шаттық шеңбері» ұйымдастырамын. Оқушыларды 1. 2. 3 сандарды бойынша 3 топқа бөлемін.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын.
1) Биологиялық диктант шешеді.
( жасырын сөзді тап)
1) Тері сыртқы ортамен........... жанасады.
2) Жылу және суықты рецепторлар.......... орналасады.
3) Тері сезімі........... дейміз.
4) Сипап сезу мүшесі............ өте қатты дамиды.
5) Дәм сезу бүршіктері........... дәмді сезеді.

Негізгі бөлім Жаңа сабақ. «Ой толғау» әдісі.
«Сүйек» туралы қысқаша видеокөрсетілім көрсетемін.
(осы видеокөрсетілім арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады).

2) Венн диаграммасын жасатамын.
Қаңқаның
ерекшеліктері ұқсастығы

Интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын көрсетемін.

3) Постермен жұмыс.
1 топ « Бас сүйектері»
2 топ « Кеуде сүйектері, йық белдеуі»
3 топ « Жамбас белдеуі»

Топта постермен жұмыс жасау.

Сергіту сәті « Қаңқалар биі»

4)«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты пысықтаймын.
(өтілген сабақты бекіту мақсатында әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау. Өзара бағалау.
Үйге тапсырма Қаңқа бөлімдерін оқу.
Кері байланыс. « Телеграмма» әдісі

Қазығұрт ауданы
«Ақбастау» жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі: Досалиева Ғ.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама