Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Қара бауыр қасқалдақ текст скачать минус

Қара бауыр қасқалдақ — Қонаев, қаңғып келген шүрегей — Колбин

Қара бауыр қасқалдақ
с. Е. Раушановтікі
ә. І. Амановтікі
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Қара бауыр қасқалдақ Әгугәй тобы

Қара бауыр қасқалдақ минус

Қара бауыр қасқалдақ - Нұржан Қалжан

 

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда туған. ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы «Бердәулет пен Жоламан» атты поэмасы Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен «Жалын» баспасының озық шығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды. 1983-1987 жылдары "Жалын" және "Арай" журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988-1995 жылдары "Білім және еңбек" журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1995 жылдан елдегі ең ірі әдеби баспалардың бірі "Жазушы" баспасының директоры болған. Оның өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің, сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашылық жастарының "Жігер" фестивалінің тұңғыш лауреаты. Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығы медалімен марапатталған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2006), "Құрмет" орденінің иегері.

 

қара бауыр қасқалдақ

Кара бауыр каскалдак ани
қара бауыр қасқалдақ текст
қара бауыр қасқалдақ скачать
қара бауыр қасқалдақ мағынасы
қара бауыр қасқалдақ әнінің шығу тарихы
қара бауыр қасқалдақ авторы
қара бауыр қасқалдақ минус
қара бауыр қасқалдақ әні
қара бауыр қасқалдақ слушать
нұржан қалжан қара бауыр қасқалдақ

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама