- 16 мам. 2016 00:00
- 254
Қарағанды облысының әкімі ауылдағы білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аппарат жиыны барысында ауылдағы білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуд ітапсырды. Отырыстың негізгі күнтәртібі ауылдық өңірлердегі білім беруді дамыту және тірек мектептердің тиімділік мәселесі болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Мектептердің 46 пайыздан астамы шағын жинақталған әрі басым бөлігі ауылдық жерлерде. Ағымдағы оқу жылында оларда 15 мыңнан астам бала немесе жалпы оқушылардың 9 пайызы білім алуда. Оларға 4117 ұстаз білім беруде. 2 жалпы білім беретін мектеп, 2 балабақша мен 1 жапсарлас нысан пайдалануға берілді. Ауылдарда орналасқан апатты мектептердің саны 1,5 пайыздан 0,3 пайызға дейін қысқарды. Осы жылы Ұлытау және Жаңаарқа аудандарына қарасты ауылдарда тағы 2 мектеп құрылысы аяқталады. Мұнан бөлек, 11 мектепке 458 млн. теңге сомаға күрделі, 78 мектепте 893,6 млн. теңге сомаға ағымдық жөндеу жүргізіледі. Ауылдық мектептердің 75,5 пайызы кең жолақты интернетке қосылған, жоғары білімі бар ұстаздардң саны 78,7 пайызға дейін ұлғайды», - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, Үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында 9 ауылдық балабақшада бірнеше тілде оқыту қолға алынған.
«Дегенмен, ауылдық шағын жинақталған мектептерде бірқатар проблема бар. Оның біріншісі - оқушылар санының аз болуына байланысты педагогикалық жүктеменің төмендігінен білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Екіншісі - нашар материалдық-техникалық база. Үшіншісі - кең жолақты интернеттің жоқтығы мен жылдамдығының төменді.Бұл проблемаларды шешу үшін білім беру басқармасы бірқатар жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, аудандық ауылдарға дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің әдістемелік көмек көрсетуі бекітілген. Дарынды балаларды анықтау үшін жыл сайын ауылдық оқушылар арасында көшпелі пәндік олимпиадалар өткізіледі. Жеңімпаздарға облыстық және республикалық олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға дайындық ұйымдастырылады. Нәтижесінде облыстық олимпиадаға қатысатын ауыл мектептері оқушыларының қатысуы 20 пайызға, облыстық турға ғылыми жобаларын ұсынған оқушылар саны 15 пайызға өсті», - деді ол.
Баяндаманы тыңдаған Нұрмұхамбет Әбдібеков ауыл әкімдеріне бірқатар нақтылаушы сауалдар қойып, одан кейін тапсыралар берді. Тірек мектептердің қызметін үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды және ауылдағы білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды одан ары дамытуды тапсырды.