Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қарағандыда 6 сынып оқушысы Абай мен Шәкәрімнің 300-ден астам туындысын жатқа біледі

XVII республикалық Абай оқуларына қатысқан қарағандылықтардың жетістігі жайлы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінде айтты.

«Қарағанды облысынан республикалық жарысқа 6 оқушы қатысты. Олар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім туындыларын оқу байқауы, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау,  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы атты үш номинацияда өтті. Қатысушылар өз өлеңдерін де оқыды. Біздің команда жеңіспен оралды», - деп хабарлады басқарма баспасөз қызметі.

Бірінші орынды Бұқар жырау ауданындағы Ростов мектебінің 6 сынып оқушысы Нәзира Медет алды. «Ол Абай мен Шәкәрімнің 327 туындысын жатқа біледі: 203 өлең, 3 поэма, 20 қара  сөзі, Шәкәрімнің 101 өлеңі. Ол әділқазылар алқасын дарынымен, актерлік шеберлігімен таңғалдырды», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Жезқазғандық оқушы Арайлым Жакеева өзі шығарған өлеңі үшін үшінші орын иеленді. Бұдан басқа, қарағандылықтар командасына әншілер байқауында ынталандыру жүлдесі, қатысушы сертификаттары берілді. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама