Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы жалпы түсінік беру;

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, алған білімдерін қолдана білуге, өз оқу әрекетін саналы түрде ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
3. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: Ойын аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, топшама, геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамтыту,
Әдісі: түсіндіру, жинақтау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- Қазақстан туралы өлең тыңдау
- Тәуелсіздік туралы айта кету./мәндес сөз табу/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
*5 - жаттығу
*Жедел сұрақтар

ІІІ: Жаңа сабақ.
Қ. МырзаӘлінің “Қырсық”өлеңімен сабақты ашу.
Сен оған:- Аласа - десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді...

**Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
**Оқушылар өздері ереже шығарады.

ІҮ. Жаңа ақпарат
Тілімізде мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер болады. Ол сөздер қарама - қарсы мағыналы сөздер деп аталады.
Мыс: алыс - жақын, Ащы - тұщы т. б.

Ү. Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
Жаттығуларды орынадату. /Орындаған оқушыларды жетондармен бағалау/

ҮІ. Сергіту сәті:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

ҮІІ. Бекіту:
1. Ойын: “Мұғалімдер мен оқушылар”
Шарты:
Екі топ кезектесіп мұғалім мен оқушы болып қарама - қарсы сөздер айтады.
2. Суретпен жұмыс:
Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.
3. Анаграмма шешу.
Рісте, зутү, сыжақ.
4. Сонымен балалар антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

5. Венн диаграммасы:
мәндес сөз
қарама - қарсы сөз

6. Төрт жолды өлең құрау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: *5 - жаттығу
*Ережелерді қайталау
ІХ. Бағалау.
Оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама