Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қараңғы, дауылды түн
Қараңғы, дауылды түн cap далада,
Патшалық құрған өлім айналада.
Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,
Соқса да жел жынданып, өршеленіп,
Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ
Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.
Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар,
Жарығы болмаса да жан таң қалар.
( Риялы - арабша: сөз бен істің қабыспауы, екіжүзділік.)
Сәулелі аспанда алтын, күміс нұрлы
Айбынды Күн мен Айға дәл парапар.
Менсінбес жөпшеңдіні көп маңғаздар,
Тең таппай, кекеп, мұқар сансыз паңдар.
Қайрылып қарамасын - «қап!» демеймін,
Табылар шыраққа көз салар жандар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама