Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары, сызу 9 сынып
Тақырыптар:
6. Қарапайым тіліктер.
7. Күрделі тіліктер.
8. Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда қолдану
9. Тіліктер мен қималарды салуға арналған жаттығу сабақтары.
10. Бұранданы кескіндеу және бейнелеу.


VІ. Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: оқушылардың жалпы, сызу жөнінде сана - сезімін дамыту.
ә) білімділік: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша мәлімет түсіндіру.
б) тәрбиелілік: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу, үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9 - сынып оқулығы және т. б.

Сабақтың барысы:
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекциялар жазықтығымен салыстырғандағы орнана қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді. Нәрсені тесіктің осі арқылы өтетін вертикаль жазықтықпен ойша қиып, екіге бөлеміз.

Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады. Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен біріктіріп салу керек. Көріністің жартысында көрінбейтін сызықтар (үзілме сызықтар) болмайды. Оларды жүргізудің қажеті жоқ, өйткенде тілікте көрінетін ішкі контурдың тұрпатын қайта сызып шығар едік. Егер сызбада тетікбөлшектің симметрия осі мен контур сызығының проекциясы дәл келсе, яғни симметрия осі бір сызықтың проекциясымен беттесетін болса, онда көріністің жартысы мен оған сәйкес келетін тіліктің жартысын қосып біріктіруге болмайды. Бұл жағдайда көрініс пен тілік ирек сызықпен бөлінеді.

Сабақты бағалау, оқушылардың үй жұмысын тексеру.
Сабақты қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама