Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қарсы мағыналы сөздер
Ана тілі 1 - сынып
Тақырыбы: Қарсы мағыналы сөздер
Мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді қолдана білу.
Күтілетін нәтиже:
Мағынасы қарама - қарсы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды.
Берілген сөзге қарсы мағыналы сөзді таба алады.
Сөздегі дыбыстарға талдау жасай алады.
Міндеттері:
Сөз туралы түсініктерін толықтыра түсу.
Ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Барлық балалар қатысуға жағдай жасау.

Сабақ барысы
Тренинг
Топтарға бөліну

«Астананың ауа - райы» дөңгеленіп жаттығулар жасау.
Бөлшектерден сурет құрастыру
(түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі) болып бес топқа бөліну.
(Өзін - өзі бағалау парағымен таныстыру)

«Түйе» тобына тапсырмалар
1. Түйенің суретін сал.
2. Түйе туралы не білесін? Әңгімелеп айт.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Түйенің сүтінен.... жасайды.
Бір өркешті түйені.... деп атайды.
Түйенің төлін.... дейді.
Түйе шөлге өте.....
4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөз тауып жаз.
Ұзын -...

«Жылқы» тобына тапсырмалар
1. Жылқының суретін сал.
2. Жылқы туралы не білесін? Әңгімелеп айт.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Жылқының сүтінен.... жасайды.
Жылқы -.... жануар.
Жылқының төлін.... дейді.
Жылқы қатты.....
4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөз тауып жаз.
Үлкен -...

«Сиыр» тобына тапсырмалар
1. Сиырдың суретін сал.
2. Сиыр туралы не білесін? Әңгімелеп айт.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Сиырдың сүтіне....,..... жасайды.
Сиырдың төлін.... дейді.
Сиыр өрісте.....
4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөз тауып жаз.
Жақсы -...

«Қой» тобына тапсырмалар
1. Қойдың суретін сал
2. Қой туралы не білесін? Әңгімелеп айт.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Қой – момын....
Оның төлін -.... дейді.
Қойларды.... бағады.
Оның жүнінен....,..., тоқиды.
4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөз тауып жаз.
Қысқа -...

«Ешкі» тобына тапсырмалар
1. Ешкінің суретін сал.
2. Ешкі туралы не білесін? Әңгімелеп айт.
3. Сөйлемдерді толықтыр.
Ешкінің сүті өте.....
Ешкінің төлін.... дейді.
Ешкінің жүнінен.... тоқиды.
Ол өте.... болады.
4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөз тауып жаз.
Отыр -...
Топтағы балалар ақылдасып тапсырмаларды орындайды. Жауап беретіндерді анықтайды.
10 мин. дайындалады, оқулық, жұмыс дәптерлерін пайдалануға болады.
Әр топқа жұмысын қорғауға 5мин беріледі.
Бағалау парақтарын тапсыру. Мұғалімнің бағасымен салыстыру арқылы бағаларын қою.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама