Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қарсы мәндес сын есім
"Зырян қаласы №9 орта мектеп"КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Матаева Ағлиман Бултукановна

Қазақ тілі 4 - сынып
Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.

Мақсаты: Оқушылардың қарсы мәндес сын есім туралы алған түсінігін кеңейте түсу. Заттардың жалпы сапалық белгілерін топтап, айыруға үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.
^ Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сто стратегиялары, топпен жұмыс

I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Сабақтың ұстанымы: Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Мұғалімнің сөзі: Сүйікті ісімен айналысу адамның өзіне деген сенімділігі артып шығармашылықпен еңбек етуіне ықпал етеді. Адам табиғатынан бір іске қабілетті, дарынды болады. Өз мүмкіндіктерін орынды қолдана білген адам айналасындағылардың құрметіне ие болады. Егер, сендер бар мүмкіндікті пайдаланып, берілген тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар нұр үстіне нұр болар еді.

2. Топқа бөлу. Табыс критерийін құрау.

II. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Мақсатпен таныстыру.
2. Жұмыс кезеңімен таныстыру.
а) Білгенге маржан, білмеске арзан.
ә) Ой қозғау.
б) Тұра берген су сасиды, ойламасаң ми сасиды»
в) Ойға түстім, ойландым.
г) Сәулең болса кеудеңде
ғ) Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табылар. Уақыт қалса.

Енді 1 - ші кезең бойынша сабағымызды бастайық.
«Білгенге маржан, білмеске арзан» Сынып топтарға бөлінеді.
Білімдерін жан - жақты тексеру
Қызыл түсті: Екі түбірден біріккен сөз құрап жаз.
Жасыл түс: Семантикалық картамен жұмыс
Сары түс: Сөздерді сызба бойынша өзгертіп жаз. Не байқадың?
III. Өткен тарау бойынша білімдерін пысықтау.
Көп нүктенің орнына мағынасына қарай сөздер қою арқылы сөзжұмбақты шеш.

1. Ұйқысы келіп.....
2. Ұйықтап жатып.... көрді
3. Түсінде кітабын жоғалтып алып,.......
4. Оған әкесі кітап......
5. Таңертең орнынан.....
6. Түсінде....... кітабы үстел үстінде жатыр екен.
7. Кітабын...., көңілі жайланды.
Сұрақ: Қай сөз артық, дәлелде.
Жеке оқушымен жұмыс: Етістік туралы не білдік, соны қорытындыласын, ойын ортаға салсын. Немен толықтырар едің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама