Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қашықтықтан білім беру саласындағы өзекті мәселелер

Омарова Жанагүл II курс студенті

Студент, география кафедрасы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Қазақстан, Қарағанды

E-mail: omarova.zhanagul@inbox.ru

Кулмаганбетова Айгуль Ораловна

Жаратылыс ғылымдары магистрі, ғылыми жетекші, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Қазақстан, Қарағанды

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Жаңа тәуелсіздігін алған жас мемлекеттің көптеген салалары тоқырауға ұшыраған еді. Соның ішінде білім салаласы да болды. Бірақ еліміз қанатын кеңге жайып, аз уақыттың ішінде көптеген дамушы елдермен терезе теңестірді. Елбасымыз елдің болашағы жастар екеніне үлкен ықпал жасап, білім саласына көп көңіл бөлді. Соңғы 15-20 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің білім саласында елеулі өзгерістер орын алуда. Оқу мен білім технологиясы нарықты дамыту жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осыған орай қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беруді алуға болады. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру өте үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалға алатын болсақ, шет елге бармай- ақ шетелдік білім ошақтары: оның ішінде- мектеп, колледж, университеттерден білім алу және білім беру ресурстарымен алмасу. 2019 жылы еліміз қашықтықтан білім беруді білім салансынан толықтай болмаса да, кейбір білім ошақтарыннан алып тастаған болатын. Бірақ 2020 жылы COVIT-19 вирусының таралуының әсерінен барлық дерлік білім саласы қашықтықтан білім беруге көшті. Әрине, еліміз ғана емес әлем мемлекеттері де бұл жағдайға дайын болмады. Ол білім саласының әлсіреуіне және жоспарланбаған білім беруге көшуге мәжбүр етті. Әрине көптеген оқытушылар мен оқушыларға, студенттерге күтпеген жағдай болды.

Қашықтықтан оқыту- компьютерлік және телкоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері.

Бүгінгі таңдай қашықтықтан оқыту кқмпьютерлік және интернеттте оқыту технологиялаы ретінде саналып отыр. Зманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп тұрған оқушы мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.

Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.

Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа колледждермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Колледжде телекоммуникация тақырыбын оқыту мүмкіндігі бар. Әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің Интернетті осы уақытқа дейін аз қана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да бар. Колледждер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін  жоғарылататын, яғни мұғалімдерді дайындайтын курстар жеткіліксіз. Ал, жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны үйрену – әрбір пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы. Қаншалықты барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі төмен болса, оқушылардың телекоммуникация жөніндегі білімі төмендеп, болашақта Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді.

Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.

Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.

Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB – беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп оқушы ғылыми, суретші немесе басқа шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу  үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Ол үшін әр түрлі тренинг өткізу керек. Бұл тренингте басқа елдердің  мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру бағытымен өтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Осы жерде электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс – технология – оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта әлемде телекоммуникациялық жүйелерді, компьютерлік желілерді, тікелей теледидарлық хабар тарату жүйелерін, заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Цифрландыру цифрлық технологиялардың дамуына және олардың қоғамның барлық аспектілеріне әсерінің артуына байланысты маңызды құрылымдық өзгерістер болып жатқан әлемдік білім беру жүйесіне елеулі әсер етеді. Нәтижелер. Әлемде қашықтықтан оқытуды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаты сипатталған. Қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктері сипатталады: ашықтық, модульділік, құзыреттілік, икемділік, бейімділік, интегралдылық, масштабтылық, кеңейту, асинхрондылық, параллелизм, бұқаралық сипат, дайындықтың даралығы, дайындық сапасы және рентабельділік. Қашықтықтан оқытудың ішкі жүйелері, Қашықтықтан оқытуды ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар тізбеленген және сипатталған, және олармен бірге жүру керек құжаттама сипатталады. Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім берудің ерекшеліктерін анықтайды.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшілігі туралы айта кетсек. Ең алдымен артықшылығына көңіл аударсақ. Артықшылығы:

  1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын студент, семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін береді.
  2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі. Білімалушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы - аралық және қорытынды аттестациядан сәтті өту.
  3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі. Студенттер үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, басбостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін белгілі бір қосымша болып табылады.
  4. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу. Сіз жоғары білім қашықтықтан бір уақытта бірнеше курста оқып ала аласыз. Ол үшін негізгі жұмыс орнында демалыс алу, іссапарларға шығу міндетті емес. Компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін корпоративті оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бар. Бұл жағдайда оқу еңбек өтіліне кедергі келтірмейді және меңгерген сұрақтарды бірден жұмыста қолдануға болады.
  5. Оқудың жоғары нәтижелері.Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қаш ықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.
  6. Мобильділік. Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.
  7. Қашықтан оқыту арзан. Егер бір мамандық бойынша оқуды коммерциялық негізде жеке және қашықтықтан салыстыратын болсақ, онда екінші арзан болады. Студент жол жүру, тұру ақысын төлеудің қажеті жоқ, ал шетелдік ЖОО-да виза мен төлқұжатқа ақша жұмсаудың қажеті жоқ.
  8. Жайлы жағдайда оқу. Қашықтықтан білім алушылардың аралық аттестациясы  on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан студенттерде оқытушылармен тест және емтихандарда кездесуде алаңдауға негіз жоқ. Субъективті бағалау мүмкіндігі жоққа шығарылады: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйе оқушының басқа пәндердегі үлгеріміне, оның әлеуметтік мәртебесіне және басқа факторларға әсер етпейді.

Ал енді кемшіліктеріне тоқтала кетсек. Осы қазіргі уақыттағы қашықтықтан білім беруге күтпеген кезде ауысқан кезде, елімізде қашықтықан оқытудың көптеген қиындықтары мен кемшіліктеріне кездестік. Сол кемшіліктерге жекеше тоқтала өтсем:

  1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.
  2. Күшті мотивация қажет. Қашықтан білім алушы студент барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.
  3. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. Қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.
  4. Практикалық білімнің болмауы. Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.
  5. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі. Негізінен, оқытушылар құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.
  6. Шалғай өңірлердің қашықтығы
  7. Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.
  8. Компьютерлік құралдар мен әр түрлі оқуға арналған техникалық құралдардың тапшылығы. Және интернеть желідері елімізді толықтай қамтымауы.

Қорытындылай кетсем, қашықтықтан білім беру, оқыту ол еліміздің басқа ба дамыған елдермен терезе теңестіруге мүмкіндік береді. Осы саланы дамытып, жоғарыда айтып өткен кемшіліктерімен жүмыс жасап, одан ары дамыта түссе бұл сала да еліміздің дамуына көптеген әсерін тигізеді. Технологиялық саласын дамытып, жастар әртүрлі білім ресурстарынан білім алса, еліміздің болашағы жарқын болады деп сеніммен айта аламын. Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында деп екенін естен шығармаған дұрыс деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://finacademy.net/materials/article/chem-otlichaetsya-onlajn-obuchenie-ot-distantsionnogo-obucheniya.
  2. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 короно-вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы». ҚР Білім және ғылым Министрі  А.Аймағам-бетовтың 01.04.2020 ж. № 123 бұйрығы.
  3. kaznu.kz
  4. Мир науки и техники
  5. Сейтбатталова А.С., Маусымбаев С.С. Построение системы дистанционного обучения педагогического вуза как фактор интеграции Республики Казахстан в мировое образовательное пространство // Вестн. КарГУ. — Сер. Педагогика. — № 3(47)/2007. — С. 79–87.
  6. Концепция создания и развития системы дистанционного образования в России // Вестн. высш. шк. — 1995. — №
  7. Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. — 194 с.
  8. Дистанционное обучение: Учеб. пособие /Под ред. Е.С.Полат. — М.: ВЛАДОС, 1998. — 192 с.
  9. Егоров В.В., Жилбаев Ж.О. Проблемы дистанционного обучения в условиях непрерывного образования // Педагогиче- ские проблемы информационно-технологической подготовки специалистов высшей школы: Сб. науч. тр. — Караганды: Изд-во КарГУ, 2004. — С. 3–7.
  10. Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру. Негізгі ережелер. ҚРМЖМБС 5. 03.004 — 2006.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама