Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қасіретті жылдар
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының
Ғ. Молдашев атындағы ОЖББ мектебінің тарих және география
пәндерінің мұғалімі Стамғазиев Нурбек Алибекович

Сабақтың тақырыбы: Қасіретті жылдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің»- демекші туған елдің тарихын, соның ішінде қайғылы қара беттерді, оның себеп - салдарын, зардаптары туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз»- дегендей, өз отанының тарихына деген сүйіспеншілікке, Отанын қүрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, ізденімпаздық, танымдық қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, оқушының өзіндік жұмыс парағы, карта.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тест.
Пән аралық байланыс: Әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Индустрияландыру дегеніміз не?
2. Қазақстанды индустрияландыру қай жылы жарияланды?
3. Қазақстанды индустрияландыруға байланысты көзқарастар.
- Қазақстан экономиясының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.
- Қазақстанды индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере
отырып, өнеркәсіптер салу негізінде жүзеге асыруды жақтады.
- Қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Бұлар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ерекшелігін бұзады деп есептеді.
- Бұлар шовинистік көзқараста болды. «Қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады», «өндірісті қазақтандыру пайда бермейді»- деді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама