Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Ертегіні оқып, негізгі ойын ашу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Ертегіні оқып, негізгі ойын ашады
Оқушылардың басым бөлігі:
Ертегі мазмұнын талдап, кейіпкерлер пікірін саралайды
Кейбір оқушылар:
Өз көзқарастарын білдіру арқылы пайымдаулар жасайды
Тілдік мақсат Оқушылар: Ертегіні оқып, негізгі ойын ашады, мазмұнын әңгімелейді
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ертегі түрлері, қиқалаңдап, өсек
Сыныптағы диалог⁄жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
- Жолбарысқа не болды?
- Қай аң оның жағдайын сұрауға келмеді?
- Қасқыр түлкіге қатысты қандай өсек айтты?
- Түлкі қасқырды қалай жазалады?
- Ертегінің негізгі ойы қандай?
Алдыңғы оқу: Байлық пен ақыл( ертегі)

Басталуы
10 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
«Есім - акроним»
Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіру керек.
Кәусар - кішіпейіл, келбетті
Береке - батыл
Еркін – ержүрек
Рамазан - рақымды
Нұртөре - нұрлы, намысшыл
Балаханым - бауырмал
Севара - сүйкімді
Расул - рақымшыл
Айда - ақылды
Іңкәр - ізетті
Жұлдыз - жақсы
Ұлбала - ұқыпты
Розанна - райлы
Анар - ажарлы

Суреттер арқылы топқа бөлу
«Ақылды доп» әдісі
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Шалдың неше ұлы болыпты?
2. Шал балаларына не дейді?
3. Үлкен ұлы әкесіне не көрсетеді?
4. Екінші ұлы әкесіне не көрсетеді?
5. Үшінші ұлы әкесіне не көрсетеді?
6. Әкесі үлкен балаларының көрсеткендеріне не істейді?
7. Әкесі ең кіші ұлына не дейді?
8. Кіші ұлы не деп жауап береді?
9. Шалға кімнің жауабы ұнайды?
10. Шал өзінің мұрагері деп кімді таңдайды?
11. Үлкен балаларына қандай өсиет айтады?

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі орта
Мұғалімнің аты - жөні: Джусупова Сайера

Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама