Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қауіпсіз мектеп
«Бала дегеніміз - болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періштедейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!
«Адамның бір қызығы бала деген»- деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп - ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп кележатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтан да әрбір қараша үйдің түтінін түтеткен ата - ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп және қауіпсіз өткізуді ойластырады.

Видеоролик кетеді. Ата - аналарға жадынама
Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Қазақстан Республикасының ата - заңы бойынша азамат жеке куәлік алады. Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция – әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
Осы орайда бүгінгі кездесуге келіп отырған Ішкі істер бөлімінің қызметкері Қожахметов Русланбек мырзаға сөз береміз.
Қауіп қайдан демеңіз, әр адам өз өмірінің қауіпсіздігіне өзі жауапты. Біз қаншалықты жол ережелерін білеміз және оларды қалай сақтап жүрміз. Видероликке жол береміз. Ой бөлісу үшін жол полиция тыңдаймыз.
Сонымен қатар Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі жаман қылықтардан аулақ болу, сен өзіне керектігінің рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан ала аласың. Өз денсаулығымызды қалай сақтауға болады және жаман әдеттен қалай аулақ жүруге болатынын білу үшін ендігі сөз кезегін Аудандық аурухана қызметкері отаршы Бекенов Олжас Тасмұратұлына сөз беріледі.

Видеоролик «Өрт – тілсіз жау».
Қазіргі уақытта өрттің шығу қауіпі күшеюде. Өрт - тілсіз жау. Өрт шыға қалған жағдайда қандай іс - әрекетті жүзеге асыру қажет екенін білеміз бе? Олай болса балалар Аудандық өрт сөндіру мекемесінің қызметкері Жакупов Дінмұхамед ағайдан сұрап көрейік.
Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз - дей
келе балалар сіздердің балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын, дендеріңіз сау болсын және тәуелсіз еліміз қазақстанның жарқын жүзді, саналы азаматы болыңыздар демекпіз.
Бізге бүгінгі кездесу кешіне келіп жас ұрпаққа үлгілі сөздерімен саналы ақыл - кеңестеріңізді айтып ой бөліскендеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Еңбекте табыс тілейміз, дендеріңіз сау болсын!

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім
беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы
Әбдікова Әсем Серікқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама