Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға сұйықтардың қайнау физикалық құбылысының мәнін ашқызып, қайнау кезіндегі сұйық температурасының тұрақты екенін, әртүрлі заттардың қайнау температуралары туралы, меншікті булану жылуы ұғымы туралы түсініктерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың физикаға деген дүниетанымдарын кеңейте отырып, ой – өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылық, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін дамыту, практикалық біліктіліктерін арттырып, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру, өз бетімен оқу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа, еңбекке, топтық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: өткен сабақты қайталай отырып, өздігінен жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы,, көрнекіліктерді пайдаланып, бағыттау, түзеу, жеке, топтық бағалау
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакаттар, графопроектор, есептер жинағы (Лукашик, Рымкеевич, Мартынов, Чеботарева, тест жинағы), оқушылар білімдерін айқындау сұрақтары, бағалау парағы, сызбалар, карточкалар, слайдтар, штатив, колба, спирт шам
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу
1 - Үй тапсырмасы
2 - Жаңа білім
3 - Қайталау - оқу анасы
4 - Шырмау (Есептің қайнау температурасы -?)
2. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, толғаныс
І Қызығушылықты ояту
1 - Үй тапсырмасы тобына
1. Заттың неше күйі бар?
2. Бір заттың өзі қандай күйде бола алады?
3. Заттың молекулалары қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерде қандай болады?
4. Заттың әртүрлі күйлері немен анықталады?
5. Балқу дегеніміз не?
6. Балқу температурасы - қандай температура?
7. Қатаю немесе кристалдану дегеніміз не?
8. Қатаю температурасы - қандай температура?
9. Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
10. Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан қандай болады?
11. Булану дегеніміз не?
12. Конденсация дегеніміз не?
13. Кебу дегеніміз не?
14. Булану мен конденсацияның қарқындылығы неге байланысты?
15. Қаныққан бу дегеніміз не? Қанықпаған бу дегеніміз не? (1сұрақ – 2балл)
ІІ Мағынаны тану
2 - Жаңа білім тобына
1. Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуінің қандай тәсілдері бар?
2. Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан не түзіледі?
3. Қайнау процесі қалай жүзеге асады?
4. Қайнау дегеніміз не?
5. Қайнау температурасы дегеніміз қандай температура?
6. Қайнау қандай температурада жүреді?
7. Қайнау процесі үнемі жүріп тұруы үшін не істеу керек?
8. Қайнау процесі үзбей жүріп тұрған кезде сұйықтың қайнау температурасы қандай болады? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
9. Заттардың булануға қабілеттілігі немен сипатталады?
10. Меншікті булану жылуы дегеніміз не? (белгіленуі, формуласы, мысал келтіру)
(1сұрақ – 3 балл)
Сонымен, оқушылар Қайнау құбылысын бақылау барысында төмендегідей сұрақтарға талдау жасату. (Электронды оқулықтан видеофильм көрсете отырып)
- Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?
- Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болады?
- Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?
- Көпіршіктерге әсер ететін күштерді кескіндеп көрсетіңдер.
- Неліктен су «шуылдайды»?
- Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы.
Қайнау құбылысының кебуден айырмашылығы:
а) сұйықтың кебуі тек сұйықтың еркін бетінде ғана жүреді, ал қайнау кезінде кебу сұйық бетінен ғана емес, оның ішінде бу көпіршіктерінің пайда болуымен қатар жүреді;
б) кебу кез - келген температурада жүреді, ал қайнау әрбір сұйық үшін белгілі бір және тұрақты температурада жүреді;
Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды. Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді.
Қайнау процесі үздіксіз жүріп тұру үшін сұйыққа үнемі сырттан энергия беру керек. Осы кезде сұйықтың температурасы барлық уақытта тұрақты болып қалады, яғни қайнау температурасында жеткізілген энергия сұйықтың булануына жұмсалады.
Бірдей массадағы әр түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әр түрлі жылу қажет болады. Заттардың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен (г) сипатталады.
Меншікті булану жылуы (г) деп массасы Ікг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін айтады.
Өлшем бірлігі - 1Дж/кг. Әр түрлі сұйықтардың меншікті булану жылуының кг мәндері тәжірибеде анықталып, окулықтың 7 - кестесінде келтірілген.
Массасы m сұйықты буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері Q=гm формуласымен есептеледі. Сұйықтың конденсациясы кезінде де осындай Q=гm жылу бөлінеді.
ІІІ Толғаныс
3 - Қайталау - оқу анасы тобына
1. Қайнау (топтастыру)
2. Қайнаудың пайдасы
3. Қайнаудың зияны
4. Венн диаграммасы (1сұрақ – 5 балл)
5. 5 жолды өлең (қайнау, жылу мөлшері, масса, меншікті балқу жылуы) (10 балл)
4 - Шырмау тобына (Есептің қайнау температурасы -?)
№1 (№61 - 1 - Чеботарева)
Массасы 1кг судың температурасын 1000С - та буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек? 3кг, 6кг?
№2 (№61 - 2 - Чеботарева)
10г эфирді буға айналдыру үшін қанша энергия керек? 40г, 80г?
№3 (№18 физика және астрономия тест тапсырмалары)
2, 5кг су буын алу үшін қанша жылу мөлшері керек?
№4 (№714. 1 - Мартынов, дидактикалық материалдар жинағы)
180С температурада алынған 1кг спиртті қыздыру үшін қанша жылу мөлшері керек?
№5 (№714. 4 - Мартынов, дидактикалық материалдар жинағы)
570С температурада алынған 0, 1кг сынапты қыздырып қайнату үшін қанша жылу мөлшері керек?
(1есеп – 10балл)
3 - Қосымша ақпарат
4 – Үйге тапсырма: Қайнау. Меншікті булану жылуы
5 – Бағалау
6 – Рефлексия (кері байланыс)
- Сабақ аяқталды.
- Көңіл қойып, аса зеректілікпен қатысқандарыңыз үшін рахмет!
- Сау болыңыздар!