Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қайталау-білім анасы
Қайталау-білім анасы (презентация түрінде)
Ауызша есептеулер.
7-ден кейінгі санды ата, келесі санның 7-ден нешеуі артық?
5-тің алдындағы санды ата, алдыңғы санның 5-тен нешеуі кем?
3, 9, 1 сандарының көршілерін ата.
6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сандар тұрады?
6 мен 3 санының қосындысының мәні.
8 бен 4-тің айырмасының мәні.
10 мен 7-нің айырмасының мәні.
5 пен 2-нің қосындысының мәні.
6 мен 1-дің қосындысының мәні.
Қосу
Қосудың компоненттерін ата.
Заттарды бірін-біріне біріктіруге қандай амал қолданады? Қосу амалының қасиетін айт.
5+3 ---------- 4+2
7+2 ---------- 5+4
4+3 ---------- 2+5
8+2 ---------- 4+6
2+6 ---------- 6+3
Азайту
Азайтудың компоненттерін ата.
9-3 ---------- 7-5
6-3 ---------- 9-6
8-3 ---------- 7-4
9-4 ---------- 6-2
5-3 ---------- 8-4

Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигураларды ата.
Ұзындықты өлшейтін құрал?
Геометриялық фигуралардың жауабы: түзу сызық, қисық сызық, тұйықталған, тұйықталмаған, кесінді, сәуле, нүкте, бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш.

Санау
1-ден 10-ға дейін тура және кері сана
Жеті жұрттың тілін біл
Ойын-жұмбақ
Бес асықтың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?

Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қане кім тез шешеді?

Табақта 5 алма,
Қолымда 3 алма.
Інімде 2 алма.
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?

Бір алма атама,
1 алма әжеме,
1 алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?

Есеп
Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?
Отырды-9 балапан
Кетті-5 балапан
Қалды -?
Шешуі:
Жауабы:

Логикалық есептер
Әлия мен Нұргүлдің көйлегі қызыл, ал Нұргүл мен Әлияның шашы ұзын. Қыздардың есімдері кім?

Болат 7 табан балық, ал Бақытжан оған қарағанда 3 табан балық кем ұстады. Бақытжан неше табан балық ұстады?

Жүйрік ой
Тест жұмысы.
1. Дұрыс жазылған теңсіздікті тап.
1) 6>8
2) 9>4
3) 5=7
2. Өрнекті тап.
1) 4=4
2) 5-2<>
3) 6+3
3. Мәні дұрыс жазылған өрнекті тап.
1) 7-5=2
2) 5+4=8
3) 3+4=6

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама