Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қайталау. Кестелік қосу және азайту
Алматы облысы,
Талғар ауданы, Нұра ауылы,
№12 ЖЖБ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. оқушылардың геометриялық фигуралар және олардың қасиеті, қосудың қасиеті, кестелік қосу мен азайту, екі амалмен шығарылатын есеп, амалдардың орындалу тәртібі мен жақшалар тақырыптары бойынша алған білім, білік, дағдыларын тексеру, бекіту.
2. өзін - өзі ұстай білу, дәлелді сөйлей білу, математика терминдерін дұрыс пайдалану қабілеттерін арттыру, логикасын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. ұқыптылық пен тәртіпке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, бәсекеге қабілетті болуға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: ББД тексеру және бекіту сабағы
Сабақтың формасы: дәстүрден тыс сабақ (топтық жарыс сабағы)
Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы
Әдіс - тәсілдері: синквейн, талдау, жинақтау, дәлелдеу, ойын, жарыс элементтері
Көрнекілігі: проектор, слайдтар, эстафеталық плакат, лабиринт парақшалар, маркерлер, бағалау парағы, смайликтер.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. психологиялық дайындық
Слайд№1
2. «Аралардың лабиринттен өтуі» (Үнсіз, көзбен өту. Тиімді жолды тапқан соң, белгі беру, жайғасу)
3. Сабаққа дайындық.
- Бізде бүгін қайталау сабағы. Қалай ойлайсыңдар, біз нені қайталаймыз? Біз өткен сабақтарда нені үйреніп едік?
Оқушы мен топ ережесін еске түсіру. Топқа бөліну (топ атын әр топ өздері қояды)
Слайд№2

ІІ. Алған білімдерін тексеру, бекіту
1. Мына формула сендерге таныс па? Ол ненің қасиеті? Слайд№5
a+b=c
a+(b+c)
b+a=c
(a+b)+c
Тақтамен жұмыс. Әріптер орнына сан қойып, қосудың қасиеттерін жазып, ауызша айтып дәлелдеу.

2. слайд №6. Геометриялық фигураларды қайталау.
Тапсырма:
1. геометриялық фигураларды атау
2. әр қайсысына сипаттама беру
3. қоршаған ортадағы заттар пішінінен геометриялық фигураларды тауып, дәлелдеу.
Слайд№7 - 10

3. Оқулықпен жұмыс.
№1 есеп - 1топқа
№2 есеп – 2 топқа
№2 есеп. Бір амалды есепке айналдырып шығару. – 3 - топқа
«Домбыра» сөзіне синквейн құрау — барлық тоатарға.
(оқушылар есепті орында отырып шығарады, ал әр топтан бір оқушы шығып тақтада орындайды.)
№1. 1 - топтың есебі
Барлығы - 32
Ш: 32 -(10+20)=2 32 -(20+10) =2
Келді - 10 және 20
Ж: 2 оқушы келмеді
Келмеді?

№2. 2 - топтың есебі
Барлығы - 16
Ш: 16 -(2+4)=10
16 -(4+2)=10
16 - 2 - 4=10
Қобыз - 2
Ж: домбыраға - 10 оқушы қатысады
Сырнай - 4
Домбыра -?

№2. 3 - топтың есебі
Барлығы - 16
Ш: 16 - 2=14
Қобыз - 2
Ж: домбыраға - 14 оқушы қатысады
Домбыра -?

Синквейн:
1. домбыра
2. әдемі, жіңішке
3. ойнайды, тыңдайды, тартады
4. Мен домбыра тартып үйрендім
5. аспап

4. слайд №13. Сандардың ондық құрамын анықтау. Ондықтар мен бірліктерге ауызша жіктеу. Сандар қосындысы түрінде жіктеу.
12, 25, 98, 63, 37, 50, 34, 41 - сандары

5. слайд№14. Тиісті жерге жақша қой:
1 - топ
13+6 - 2=17
17 - 2+3=12
2 - топ
17 - 2+3=18
16 - 6+2=12
3 - топ
19 - 9+2=8
15 - 1+1=13

6. Слайд №15. Амалдар таңбасын және жақшалар қою:
1 - топ
50□40□20=70
96□40□6=50
2 - топ
20□10 □80=90
75□4□30=49
3 - топ
30□3□60=93
70□50□10=10
7. Лабиринт арқылы екі таңбалы сандардың құрамын анықтау. (Плакатта)

8. слайд №16. Теңдеу шешу.
1 - топ
50+а=80
x - 9=9
6+x=12
2 - топ
40+а=90
x - 8=7
9+x=18
3 - топ
50+a=70
x - 7=7
8+x=18

9. «Математикалық эстафета» ойыны (плакатта)
10+10+20+15 - 60+9 - 4 - 10=10
10. Логикалық тапсырмалар:
1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше
сағаттан ойнады? 2 сағат
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3. Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
4. Батыржанның төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.
Батыржанның неше баласы бар?

ІІІ. Бекіту
- Біз бүгін не істедік?
- Қандай тақырыптарды қайталадық?
- Мақсатымызға жеттік пе?

ІҮ. Үйге тапсырма беру
№6, 7 93 - бет

Ү. Бағалау. Смайликтер санына қарай суммативті бағалау. Жеңімпаз топты анықтау.

ҮІ. Қорыту.
Рефлексия.
- Сабақ қалай өтті? (смайликке сәйкес қолмен көрсету)

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама