Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қайталау - оқу анасы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау – оқу анасы.
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындарды пайдалану арқылы жалпы өтілген теориялар мен анықтамалар және есептер бойынша жарысқа түсу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды есеп шығаруға, формулаларды қолдануға, өлшем бірліктерді еске сақтауға бейімдеу, олардың ойлау қабілетін, білімділігін кеңейту.
Дамыту мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін жан – жақты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Таблица 8, Карточка 1 - 6, жетондық тапсырма блогі. Жетон бағалары қызыл – 5, сары - 4, көк - 3.
Пәнаралық байланыс: Информатика, математика пәнішілік байланыс.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Оқыту әдістері: Демонстрациялық, жаттығу, сұрақ – жауап. өзіндік жұмыс.

Сабақтың жүрісі.

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдарын түгелдеу.
Кабинеттің сабақ өткізуге дайындығын тексеру.
ІІ. Сабақ барысы: а) Сабақ бес бөлімнен тұрады.
1) Аңшылар
2) Орамал тастау
3) Хан
4) Аламан бәйге
5) Теңге алу

ІІІ. Жаңа сабақтың өтуі:
1) Аңшылар – бұл ойынға 12 оқушы қатысады. 2 оқушы аңшы, 10 оқушы болып қарама қарсы партада отырады. Үйректер аңшыларға сұрақ қояды. Егер аңшы дәл жауап қайтарса үйректі атып алғаны. Әр аңшыға 10 сұрақ қойылады. Егер аңшы:
10 үйрек атып алса – «5»
8 не 9 үйрек атып алса - «4»
4 не 7 үйрек атып алса - «3»
1 не 3 үйрек атып алса - «2» деген бағалар қойылады. - 10 минут.

1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не? - Молекулалардың бейберекет қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.
2. Броундық қозғалыс дегеніміз не? – Броундық қозғалыс – бұл сұйықта (немесе газда) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
3. Заттың мөлшері неге тең? - Заттың мөлшері берілген денедегі молекулалар санының Авогадро тұрақтысына қатынасына тең
Мольдік масса дегеніміз не? - Мольдік масса деп бір моль мөлшерде алынған заттың массасын айтады:
5. Идеал газ дегеніміз не? – Идеал газ деп өзара әсерлері елеусіз аз болатын молекулалардан тұратын газдарды айтады.
6. Макроскопиялық параметрлер дегеніміз не? – Денелердің молекулалық құрылымын есепке алмай – ақ, макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды (V, P, T) макроскопиялық параметрлер деп атайды.
7. Психрометр қандай құрылғы, ол не үшін қолданылады? - Ауа ылғалдылығын арнайы прибор арқылы өлшейді, ол – психрометр.
8. Деформация дегеніміз не? – Дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі деформация деп аталады.
9. Жылу мөлшері дегеніміз не? – Жылу алмасу кезіндегі ішкі энергия өзгеруінің сандық мөлшерін жылу мөлшері деп атайды.
10. Кулон заңы қалай жазылады? -

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама