Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қайталау - оқу анасы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау – оқу анасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың 1 – сыныпта негізгі пәндерден алған білімдерін
тиянақтау, жыл бойы өтілген материалдарды пысықтау.
2. Жеке тұлғалық қасиеттерін бақылай отырып, ата - аналарға оқушылардың зеректік қабілеттерін көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, өзін - өзі басқаруға,
еркін ойлауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ой - өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын молайту, ауызша, жазбаша грамматикалық талдауға төселдіру.
көрнекілігі: суреттер, слайдтар, қима қағаздар, теңгешіктер.
түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Бүгін балалар қандай құлпырып тұрсыңдар? Мен сендердің әдемі болып тұрғандарыңа қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі қала мектептерінен ұстаздар қатысып отыр. Сендер көңіл - күйлеріңізді қатысып отырған апайларға қалай жеткізесіңдер? (ән айтумен)
Ән: Ә. Қалаубаева «Ертегілер елінде»
Бүгінгі сабақта төрт топқа бөлініп, топ басшысын сайлап аламыз.
Сабақты жарыса отырып өткіземіз. Балалар, мультфильм көргенді ертегі оқығанды жақсы көресіңдер ме?
Ендеше бүгінгі сабақта сендер ертегілер еліне саяхатқа шығасыңдар. Ертегілерде кездесетін қақпалардың тапсырмаларын орындай отырып, білімдеріңді көрсетуге мүмкіндіктеріңіз бар.

Білімдеріңізді алтын, күміс, қола теңгешіктермен бағалап отырамын.
1 - слайд
сиқырлы қақпа тас қақпа күміс қақпа алтын қақпа

Қақпалар тапсырмасын дұрыс орындасақ, қақпалардың есіктері ашылады.
"Сиқырлы қақпа" тапсырмасында ана тілінен алған білімдерімізді ортаға саламыз.

1. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін атайық.
аңыздар ертегілер жұмбақтар жаңылтпаштар мақал - мәтелдер

2. Ойын «1001 мақал, 101 жұмбақ».
Мақалшылар жарысы.
№1 топ
1. Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
2. Ақылды ойлап түйгенін айтады,
Ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.
№2 топ
3. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
4. Досы көпті жау алмайды.
Ақылы көпті дау алмайды.
№3 топ
5. Білекті бірді жығады.
Білімді мыңды жығады.
6. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
№4 топ
7. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
8. Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.
Жұмбақшылар жарысы.
1. Аспанда күн - түн зырлайды.
Жолаушы тасып тынбайды. (ұшақ)
2. Бір күнде туған туыс бес.
Бойлары неге тең емес. (бес саусақ)
3. Күндіз шайқасады
Түнде айқасады (кірпік)
4. Білімімнің куәсі іші толған қолтаңба
Білмесімнің куәсі алып шығам әр таңда. (күнделік)
5. Тілден ұшып
Құлаққа қонады (сөз)
Ойын «Поэзия минуты»
Оқушылар жыл бойы өткен тақпақ, өлеңдерін жатқа айтады.
2 – слайд Төле, Қазыбек, Әйтеке би, Абылай хан суреттері.

Әр топтан бір оқушыдан сұрақ - жауап алынады.
1. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
2. Ол кімдердің ақылына жүгінген? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
3. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы)
4. Қазыбек би, Әйтеке би қай жүздің биі? (орта, кіші)
3 – слайд «Сиқырлы қақпа» ашылады.

Сиқырлы қақпа
II. Өтпелі кезең. Ойын ойнап сергіп алайық.
«Кім шапшаң?» ойыны.
Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бір сөз. (топ оқушылары сөз ойлап табады).
Қабақ, кесек, керек, қырық, т. б.
2. «Тас қақпа» тапсырмасында ережелерді еске түсіру, сөйлем құрау, фонетикалық талдау жасау.
1 - тапсырма ереже (ауызша сұрақтарға жауап алу).
№1 топ
1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір
2. Сын есім дегеніміз не?
№2 топ
3. Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата
4. Сан есім дегеніміз не?
№3 топ
5. Тасымал дегеніміз не? •
6. Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір
№4 топ
7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
4 – слайд.
Сызба бойынша 4 топ оқушылары сөйлем құрап жазады.

Мына сөздерді буынға бөліп, фонетикалық талдау жаса.
Мойын, қоңырау, бауыр, жеңіс.
5 – слайд «Тас қақпа» ашылады

Тас қақпа
III. Өтпелі кезең. Жіптен сәуле, кесіндіні көрсету. Геометриялық фигураларды ата.
«Күміс қақпа» тапсырмаларында математикадан алған білімдеріңізді ортаға саласыңдар.
6 – слайд «Кім тапқыр?» ойыны 10 көлеміндегі санның құрамы.
2. Тақтамен жұмыс. Әр топтан 2 оқушыдан тақтаға шығады.

Теңдік -------------- Теңсіздік -------- Әріпті ------------ Өрнек
5 + 2 = 3 + 4 ------ 5 4 - 2 ----------- 4 + a ------------ 6 – 3 = 9 – 6

3. Теңдеулерді шеш.
a + 6 = 9 ---------------- 7 – a = 4 ---------- a – 3 = 5 --------- a + 5 = 10
30 + a = 70 ------------- a – 40 = 40 ------ 60 – a = 20 ------- a – 20 = 50

7 - слайд
50 + □ = 70 ---------- □ + 20 = 90 -------------- 100 - □ = 80 ----------- 90 - □ = 50
60 - □ = 30 ----------- 80 - □ = 70 -------------- □ + 40 = 60 ------------ □ + 30 = 40

8 – слайд
Есепті шығар (ауызша).
1. Сыныпта 10 ұл бала бар, ал қыздардың олардан 3 - еуі кем. Сыныпта неше қыз бала бар?
2. Ағашта 8 торғай отыр еді. Олардың 3 - еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
3. Айжанның 5 дәптері бар еді. Ол тағы 4 дәптер сатып алды. Айжанның дәптері нешеу болды?
4. Дулаттың 6 асығы, ал Саматтың одан 4 асығы артық. Саматтың неше асығы бар?

9 – слайд Есепті шығар
Атасы 90 жаста, ал немересі 30 жаста. Атасы немересінен неше жас үлкен?
Есепке екі кері есеп құрастыр.

10 - слайд «Күміс қақпа» музыкамен ашылады.
Күміс қақпа
Өтпелі кезең. 1 жылда неше мезгіл бар?
«Алтын қақпа» тапсырмасы.
Дүниетанудан алған білімдеріңізді көрсетесіңдер.
«Кім жүйрік» ойыны бойынша сұрақ - жауап алынады.

№1 топ
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. Адамның сезім мүшелерін ата (тіл дәм сезу, сөйлеу мүшесі)

№2 топ
4. Ауа райын немен өлшейді?
5. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
6. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

№3 топ
7. Өсімдік мүшелерін ата.
8. Бунақденелілерді ата.
9. Түлкінің баласын не деп атайды? (жаутаң)

№4 топ
10. Мысық баласын не деп атайды? (марғау)
11. Барыстың баласы (мәулен)
12. Дүние жүзі бойынша Қазақстан нешінші орын алады?
Балалар, дүниетану пәні бойынша да сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.

11 – слайд «Алтын қақпа» есігі ашылады. (музыка)
Балалар, не көріп отырсыңдар? Жазғы мезгіл. Ендеше аз күндерден кейін жазғы демалысқа шығасыңдар. Жазғы демалыстарыңды көңілді өткізіңдер.
III. Сабақты қорыту
Төрт топтың жинаған ұпай сандарын есептеу.
IV. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама