Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Топтамадағы сабақ тақырыптары
1. Ахмет Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
2. Осы күнгі айтыстар
3. Айтыс. «Біржан - Сара» айтысы
4. Қазыбек би
5. Аққу – Ана – Бала


Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
Сабақтың мақсаты: Ахмет өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, аударма өлеңінің мазмұнын талқылау, құрылымына байланысты жоспар құра білуге дағдыландыру. Өмірде ақ пен қараны ажыратуды оған дұрыс баға беруді үйрену. Күншілдіктен аулақ болуға баулу.
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, ынталандыру.
Сабақтың нәтижесі:
1. Ахметтің кім екенін, оның шығармаларының атын біледі.
2. Мысалдың астарында не жатқанын оның маңызын түсінеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап, «Еркін микрофон» ойыны,
Сабақ көрнекілігі: Ахмет, Абай кітаптары, портреттері слайд арқылы, смайликтер.
Сабақтың барысы.

КЕЗЕҢ
I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІII. Жаңа сабақ.
IҮ. Меңгерту
Ү. Бекіту
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үй тапсырмасы
ҮІІІ. Бағалау

МҰҒАЛІМ ІС - ӘРЕКЕТІ
Топтастыру. Алтын ереже толтыру.

Сұрақ - жауап әдісі. Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын. «Еркін микрофон» ойыны

Топтастыру
«Ахмет кім?»
Ағартушы, ғалым, аудармашы, т, б

Ахмет өмірі жайлы қысқаша шолу.
(Бірақ сабақты мұғалім емес оқушылар берілген мәтінді топ болып оқу арқылы түсінеді)
А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы. Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А. Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С. Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді.
Сонымен, шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді.
Мысалдарда еңбексүйгіштік, адалдық, қарапайымдылық, мейірімділік сияқты жақсы қасиеттерді уағыздап, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады. Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адамдар істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді. Яғни, аллегория дегеніміз - астарлы, тұспал мәнді суреттеу. Мысал жанры қазақ әдебиетінде ұлы Абайдан бастау алады. А. Байтұрсынов, С. Дөнентаев, С. Көбеев сияқты ақындар - Абай дәстүрін ілгері жалғастырушы. Олар орыс мысалшысы И. А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді десе де болады. Өйткені қазақ тұрмысына жақын суреттер қосты да, бұл өлеңдер халықтың төл дүниесіндей болып кетті.

Интерактивті тақтадан бақа, өгіз суреттері көрсетіледі. Оқушыларға түсінік беріледі.

Оқулықпен жұмыс
«Талдау – табыс кілті»
1. Абай Құнанбаевтың «Өгіз бен бақа»
Мәнерлеп оқу
- Осы оқиғадан кейін қандай тұжырым жасауға болады?
- Мысалды оқу қажет пе?
- Ақын Бақа образы арқылы қандай адамдарды бейнелеген?
- Мысалдың түйінді ойы қай жерінде жазылған?

2. Кейіпкер мінезін ашу
Бақа қандай?
Өгіз қандай?
1.«Менің қасиетім»
Тақтада жазылған кестеге назар аударыңдар. Мұнда адамдарға тән қасиеттер жазылған. Қоғамға қандай адамдар қажет? Қажеттісін белгілейік.
Еңбекқор, Әдепсіз, Көрсеқызар, Мейірімді, Ақымақ, Надан, Дарынды, Ізетті, Зиялы, Залым, Еріншек, Сауатты, Білімді, Мақтаншақ, Күншіл.

2. Кестені толтыр
Шығарманың тақырыбы Автор ойы Менің ойым

3. «Соңғы сөзді мен айтамын...» Түйін: Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? сұрағына оқушылардың пікірін тыңдау.
Оқушылар пікірін тыңдай отырып тұжырым жасау.

Ахмет туралы білімдерін толықтыру.
«Өгіз бен бақа» жаттау.
Шығармашылық тапсырма «Мысал жазып көрейік»
Смайлик бойынша

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама