Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақ әдебиетінен тест сұрақтары   7-сынып
Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Қазақ әдебиетінен тест сұрақтары
7 - сынып
Оқушының аты – жөні:.........................................

1. Ауыз әдебиеті үлгісін табыңыз.
А) әңгіме
В) жыраулар поэзиясы
С) роман
Д) лиро - эпостық жыр
Е) қарасөздер
2. Лиро - эпостық жырға тән жырды табыңыз.
А) «Алпамыс батыр» жыры
В) «Ер тарғын» жыры
С) «Қобыланды батыр» жыры
Д) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры
Е) «Өтеген батыр» жыры
3. «Естірту» дегеніміз не?
А) Біреудің елімен, жерімен, өнерімен, өмірімен қоштасқанда айтылатын жыры.
В) Біреудің дүние салғанын соның жанкүйер жақындарына жеткізгенде айтылатын жыр.
С) Біреудің баласы, жанашыр жақыны, сүйген жары, ел қамқоры болған батыры, биі, ханы қайтыс болғанда айтылатын жыр.
Д) Ұзатылатын қыздың ағайын - туыс, ел - жұрт, әке - шешемен қоштасып айтатын жыры.
Е) Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі.
4. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең айтулы нұсқасын жырлаған атақты импровизатор.
А) Жанақ ақын
В) Сүйінбай ақын
С) Жамбыл ақын
Д) Дулат ақын
Е) Мұрат ақын
5. Қарабайдың асыранды қыздары Ай мен Таңсықтың көшкенде қандай жыр айтады?
А) сыңсу
В) тойбастар
С) жар - жар
Д) беташар
Е) қоштасу
6. Сарыбай мен Қарабайдың кездескен жерін табыңыз.
А) Сыр елінде
В) Жетісу жерінде
С) Бетпақдалада
Д) Балталы жерінде
Е) Арқада
7. Жырда Баянды Қозыдан күштеп айырып өзіне алуға әрекет жасаған жағымсыз кейіпкерді атаңыз.
А) Қодар
В) Қарабай
С) Айбас
Д) Сарыбай
Е) Тазша
7. «... Асылы, авторлы өлең - жырлар мен шешендік сөздер ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы және жаңа көркем әдебиеттің бір бастауы болып табылады...» деген пікірді айтқан кім?
А) М. Әуезов
В) Б. Адамбаев
С) Қ. Өмірәлиев
Д) Ы. Дүйсенбаев
Е) Қ. Жұмалиев
8. Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,- дейді
кімнің сөзі?
А) Аяз би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би
9. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
деген жолдар кімге тән?
А) Аяз би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би
10. – Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман...
деген жауап кімдікі?
А) Қазбек би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама