- 08 ақп. 2018 00:00
- 214
Қазақ мемлекеттілігі
Алқаағаш негізгі мектебі
Орындаған: Зейкенова Сания
Тексерген: Шайжанов Ринат Майданұлы
XXI ғасырдың басындағы әлемде жақсы қарқынмен дамып келе жатқан жас мемлекеттің бірі – Қазақстан.
Қазақстан – ол қазақ елі дегенді білдіреді. Осы республиканың негізгі тұрғылықты халқы қазақтардың ана тілі - түркі тілінің қыпшақ тобына жатады. Олардың діні – мұсылман суниттер, мәдениеті исламның негізінде қалыптасқан. Қазақтардың тілі, нәсілі, дәстүрі және менталитеті шығыстық. Қазақтың, немесе Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алады, негізінен Азия құрлығында орналасқан. Қазақ ұлты мен оның тарихи қалыптасқан жерін отаршыл патша үкіметі мен Кеңестер Одағы мойындаған. Тәуелсіз Қазақстан республикасы қазақ халқы мен оның ана тілінің, және тарихи қалыптасқан жерінің негізінде құрылды. Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі болып қазақ тілі заңдастырылды. Қазақстанда қазақтардан басқа өткен ғасырда әртүрлі себептермен көшіп не жер ауып келген осы республиканы өз отаны санайтын ондаған басқа ұлт өкілдері (диаспоралар) тұрады. Республикадағы барлық ұлт өкілдері татулығының негізі – қазақтардың кең пейіл табиғи болмысы мен ұстанатын дінінде. Себебі, мұсылман діні адамдарды діні мен тіліне, немесе нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын бірден-бір әлемдік дін.
Қазақстан Республикасы Президент - Парламент басқаратын зайырлы және азаматтық қоғам болып қалыптасуда. Ел тұрғындары негізінен, ресми тіркелген мұсылман және православиялық христиан дінін ұстанады.
Қазақстанның жақын уақыттағы мақсаты әлемдегі дамыған алғашқы елу елдің қатарына кіру.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ соңғы 25 жыл ішінде жетістіктерге жеткенімізді көреміз. «Адамды қандай іс бастағанына қарап бағалу керек ...» дейді Абай. Осы жетістіктерімізге тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың еңбегі өте зор.
Тәуелсіздік кезінде жеткен негізгі жетістіктері деп мыналарды атауға болады:
Елдің шекарасы бекітілді. Өзіміздік ұлттық теңгеміз, мемлекеттік рәміздеріміз бар. Конституциясы қабылданды. «Қазақстан-2030» стратегиясы іске асуда.