Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының музыкалық аспаптары, олардың түрлері, қолдану ерекшеліктері, құрылымы жайлы түсініктерін толықтыра отырып, септік жалғауы туралы мағлұматтар беру.
2. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін арттыру, іскерлік белсенділіктерін дамыту, орындалатын тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамыту.
3. Бір - бірінің пікірін тыңдауға, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздендіру, топпен жұмыс, жинақтау, ой бөлісу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Бір - бірлеріңізге жақсы көңіл - күй тілеңіздер.
«Қызығушылығын ояту»
Сыныпты музыкалық аспаптар бойынша екі топқа бөлу. Әр аспаптың ерекшеліктерін айта отырып бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (4 минут)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге мына бір әуенді тыңдатқым келіп тұр.(Күй ойналады)
- Балалар, мына әуенді неге тыңдадық?
2.- Мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады.

Домбыра.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы. Негізінен 2 ішекті болып келеді.
Ұлттық аспаптардың түрлері туралы

Бүгінгі сабағымызда «Қазақтың музыкалық аспаптары» жайлы мағлұмат аламыз.
Ұлттың ұлы мұрасының бірі ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынасының біріне есептепті.
Қазақтың музыкалық аспаптары ( домбыра, адырна, жетіген, шертер), ыспалы аспаптар ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ұрмалы - сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т. б.) деп топтауға болады.

Сөздікпен жұмыс.
Сөздік
Ұлы мұра – великое наследие
Шертпелі аспап – щипковый национальный музыкальный инструмент
Ыспалы аспап – смычковый инструмент
Үрмелі аспап – духовный инструмент
Ұрмалы - сілкімелі аспап – ударный инструмент
Ұлттық болмыс – национальное естество
Тылсым сыр – волшебный, таинственный, загадочны
Таңғажайып аспап – удивительный, восхитительный, поразительный инструмент
Сіздерге шағын мәтін беріледі. Сол мәтінді түсініп оқып, аударма жұмысын жасап, мазмұндап, мәтінге тақырып қоясыздар.
Ученые считали что семь сокровищ является великим наследием, которое сохранилось на казахской земле. Мы считаем что это правильное решение. Казахские музыкальные инструменты (домбра, адырна, жетіген, шертер) можно разделить на группы, смычковые инструменты ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), духовые инструменты ( сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ударные (дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ) и др.

Домбыра – қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне ( б. з. д 4000 мыңжылдық) жатқызады.
Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі ішекті, 9 - 16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, әр қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама