Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақ қызы – нәзіктік пен сұлулықтың белгісі
Қазақ қызы – нәзіктік пен сұлулықтың белгісі
Мақсаты:
• қыздарға психологиялық дағдарыста көмектесу, сырласу;
• қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерді қыз бала санасына жеткізу.
• жастарды еркін сөйлеуге, пікірін ашық білдіруге бейімдеу

Қазақ қыз баланы - тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, жарық дүниедегі әдемілік пен сұлулықтың тәңірісі деп бағалаған.
Сондықтан, қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Тәрбиелі, білімді қыз - қоғамымыздың баға жетпес байлығы.

Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан - дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр - дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айырықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ісше де бақыттымын деп, өмірге риза болған.

Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын - жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет - ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылылығынан, жастық жарасымдығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірман етіп жаратқанына мән бермейді. “Жастықтың өзі жастығымен әдемі” дегендей, жас қыздардың, оның ішінде мектеп жасындағылардың өздері - ақ қырдың қызыл гүліндей әсем де көрікті ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттылықтан артық жасанды дүниенің керегі не?

Қазақ қызы қандай болуы керек: ұлтжанды, қайсар, тәрбиелі, нәзік, намысшыл, сыпайы, бауырмал, жанашыр, адал, білімді, көкірегі ояу, саналы, сүйкімді, махаббатта, достықта адал, бұрымды, инабатты, сымбатты, көрікті, жан - жақты ойлай алатын еліне, жұртына, достарына әрқашан қамқор бола алатын қыз, нағыз қазақ қызы.

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
• Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы - жаманның жөнін біліп тұратын;
• Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын;
• Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет - әлпеті бал-бұл жанған, дене бітімі шымыр;
• Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп - күймейтін, келбетті;
• Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы;
• Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты;
• Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, денесі нәзік.

Қызға қырық үйден тыйым
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық - қорлыққа тыйым.
Салт - дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс - керіске тыйым.

Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!
Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қыздарымыз бен қаһармандарымыз әрқашанда ел есінде, оларды еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.

Қайта келмес өзеннің толқынындай,
Қайталанбас алау оттың жалынындай!
Қайта тумас қазақтың дарасындай,
Қазақта қайсар қыз бар дәл осындай!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама