Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Баяндама.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Тіл десе, ішкен асты жерге қоям
Мен қалай жаман сабақ өткізе алам.
СТО - ны бастамай, ең алдымен,
Өзімді сын тұрғыдан екшеп алам....

Ойды жалғастыр...
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз -......
СТО дегеніміз:
Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

СТО - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы
СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Топтарға тапсырма:
Оқушы кім?
Мұғалім кім?
Жауап.
Оқушы - ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші
Мұғалім - әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы

СТО - ны үйрету үшін мынандай шаралар іске асуы қажет:
1) Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) Оқушыларға ойланып - толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3) Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс - әрекеттерін қолдау
5) Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) Оқушылардың бір - бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету:
7) Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Технология үш кезеңнен тұрады:
1. Қызығушылықты ояту:
Мұғалім проблемалық жағдаят туғызады. Бұл кезең 2 элементтен тұрады “Миға шабуыл” және кластер жасау.
Миға шабуыл дегеніміз - ақыл - ойға жаттығу, топ болып шешім қабылдау.
Кластер – сызбалар жүйесі.

Сабақтан үзінді
Мысалы: 5 - сыныпта тіл жүйесін, тіл қызметін өткенде миға шабуылды былай жасауға болады:
Анашым - деген сөзді сендер алғаш рет қай тілде айттыңдар?
Сол кезде тіл туралы не білуші едіңдер?
Қайсысы алғаш пайда болды: ана тілінде сөйлей алу ма? Әлде оның құрылысы ма?
Не үшін тілді оқуымыз керек? Біз онсыз да сөйлей аламыз ғой.
Енді ақ парақтың ортасына тіл деп жазыңдар.
Біздің тіліміз қандай құрамдардан тұрады?
Кластер жасау:

Топтарға бөлініп мына сұрақтардың шешімін табыңдар:
1) Бір бір-бірімізбен сөйлескенде ойымызды қалай жеткіземіз?
2) Сөйлем қандай бірліктерден тұрады?
3) Егер сөзді мағына беретін бөліктерге бөлсек не шығады?
4) Мағына беретін бөлігі ары қарай бөлінбейтін болса одан қандай бірлік шығады?

2. Мағынаны ашу:
Бұл сатыда жаңа ақпаратпен танысады.
Мәтінді оқып, талдап өзіне қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздейді.
Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.

3. Ой толғау
Рефлекция сатысы
Қабылданған және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
Оқылған материалды талдау және қорытындылау.
Тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама