Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылы, №25 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Накеева Қ. Б.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі

Баяндаманың мақсаты:
1. Өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани-интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу, білім беру;
2. Оқушыларды интерактивті тақтаны дұрыс қолдана білуге, жетік меңгеруге ықпал ету;
3. Берілген тапсырмаларды жаңа технологияның көмегімен сауатты, шапшаң орындауға үйрету.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ.
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай - ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы
Интерактивті тақта – барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, кестелерді беруде өте ыңғайлы.
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады. Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты. Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше. Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болу керек.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.
Интерактивтік тақта арқылы оқушыларға дидактикалық материалдармен қоса әр түрлі шығармаларды электронды оқулықтан тыңдатуға болады. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес, оқушыда тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, көптеген суреттерді алып соған байланысты жұмбақ құрастыру, сөйлем құрау, ребус дайындауға, мұғалімнің дайындаған тапсырмаларын орындауға мүмкіндік алады.
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі тақтамен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Өз тәжірибемде сабақты тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін интерактивті тақтаны мүмкіндігінше пайдаланамын. Осы орайда интерактивті тақтамен өткізген 6 - сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша Ахмет Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін сіздерге үлгі ретінде көрсетіп кетсем:
«Анама хат» өлеңін интерактивті түрде өткізу оқушылардың өлеңді терең түсініп талдау және есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға қысқаша ғана Ахмет Байтұрсынов туралы бейнебаян көрсету.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама