Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
4 - сынып
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған. Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 4 - сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
Мұнда оқушылардың сөйлеу тілін кеңейту, байыту мақсатында қысқа және қызықты мәтіндер, өлең, мақал, түрлі дидактикалық тапсырмалар берілді. Сондай - ақ жаттығу, тапсырмалардың түрлері де кеңінен қамтылды.
Дидактикалық материалдарды берудегі мақсат - оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша дүниені бір жерге топтап, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Мұғалім тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне, қазақ тілін білу дәрежесіне лайықтап орындатады. Мұндағы материалдар грамматикалық тақырыптар бойынша берілді.

1 - тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.
Бұл кім?
Ол неше жаста?
Ол нешінші сыныпта оқиды?
Ол қандай?

2 - тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беретін сөздерді жаз.
Не істеді?
Кім?
Не?
Қандай?

3 - тапсырма. Толықтырып жаз.
Менің атым - ---------------------. Мен.................. жастамын. Бұл менің.....................
Ол менен................. жас.............. Ол неше жаста?..................................................

4 - тапсырма. Берілген мәтіннен отбасы атауларын теріп жаз.
Менің атым – Айдар. Бұл – біздің отбасымыз. Біздің отбасымызда төрт адам бар. Олар: әке - шешем, қарындасым, және мен. Менің әкемнің аты – Қайрат. Ол 40 жаста. Менің әкем күшті және ақылды. Менің анамның аты – Раушан. Ол 35 жаста. Менің анам әдемі және мейірімді. Менің қарындасымның аты – Маржан. Ол үш жаста. Менің қарындасым ақылды және сүйкімді. Мен отбасымды жақсы көремін.

5 - тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз.
Бұл - менің немерем. Оның аты - Әсет. Ол сегіз жаста. Әсет екінші сыныпта оқиды. Ол - ақылды және күшті бала. Менің немерем қалада тұрады.
Әсет неше жаста?
--------------------------------------------------------
Әсет нешінші сыныпта оқиды?
-------------------------------------------------------
Әсет қандай бала?
-------------------------------------------------------
Әсет қайда тұрады?
--------------------------------------------------------

6 - тапсырма. Сүйікті ісіңді жаз.
Үлгі: Менің сүйікті ісім - музыка тыңдау.

Ақмола облысы, Жақсы ауданы,
«Подгорное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Аренова Меруерт Жумабековна
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама